«Голос. Дети» жобасының қатысушысы Димашқа алғыс білдірді

Алдында Димаш Құдайбергенов Данэлияны мақтап пікір жазған болатын.
Данэлия Төлешова өзіне қолдау көрсеткен Димаш Құдайбергеновке алғыс білдірді және барлық үмітті ақтауға тырысатынын айтты. Бұл туралы украиналық «Голос. Дети» шоуының төртінші кезеңінің қатысушысы өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды BNews.kz.

«Құрметті Димаш!!! Қолдау білдіргенің үшін көп рахмет. Мен өте ризамын. Сенің тілегіңнің мен үшін үлкен мәні бар. Үмітіңді ақтауға тырысамын. 2016 жылы өткен «Мерейлi отбасы» байқауында біз алғаш рет кездескеннен бері музыка әлемінде сен менің кумирімсің. Сол кезде-ақ сенің тамаша дауысыңа, сондай-ақ қарапайымдылығың мен адамдармен қарым-қатысыңа тамсанған едім. Сол кезден бері саған қарап бой түзеп, үлгі тұтып келемін», - деп жазды Данэлия Төлешова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдында Димаш Құдайбергенов Данэлияны мақтап пікір жазған болатын.

«Жарайсың, ханшайым. Өте тамаша ән салдың. Финалға дейін жетесің деп үміттенемін!!! Мен саған сенемін», - деп пікір жазды Димаш Құдайбергенов Данэлия Төлешованың Instagram парақшасында.

Фото: bnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: