Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Астанадағы №89 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгін өте маңызды саяси оқиға. Өйткені, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы – парламент пен мәслихат депутаттарының сайлауы жүріп жатыр.
Сонымен қатар, алдымызда жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы келе жатыр. Сондықтан да көңіл-күйіміз керемет. Біз өз болашағымызға, тұрақтылыққа дауыс беріп отырмыз», - дейді Г.Әбдіқалықова.
Фото:ekaraganda.kz