«Бүгінгі сайлау тарихта қалары сөзсіз. Себебі бүкіл әлемде қазір түрлі қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттер болып жатыр. Оған қарамастан біздің бейбіт елде бұқара халық өз таңдауын жасап, ертеңгі күнге сеніммен қарай алады.Себебі президентіміздің салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміздегі экономикалық, саяси жағдай тұрақты. Осы сайлау арқылы біз дүниежүзіне қазақ елінің бірлігі мен татулығын паш етуіміз керек. Ал сайлаудың өзіне келер болсақ, ол әділ, әрі ашық өтетінінде менің күмәнім жоқ», -деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.