Дауыс беру транспорентті, әділ, ашық өтуде - Б.Мелдешов

Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қадағалайтындығын айтты.
Дауыс беру транспорентті, әділ, ашық, заң бұзушылықсыз өтуде. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Дауыс беру транспорентті, әділ, ашық, заң бұзушылықсыз, қалыпты іскер жағдайда және Сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтіп жатыр. Байқаушыларға сайлау процесінің барлық кезеңдерінде кедергісіз мониторинг жүргізу үшін толықтай жағдай жасалған», - деді ол.

Осы ретте ОСК хатшысы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы сайлауды байқауды жүзеге асырып жатқанын еске салды.

«Оның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 286, ТМД миссиясының 301, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының 14, Түркітілдес елдер ынтымақтастығының Кеңесінің 17, Ислам ынтымақтастығы ұйымының 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан 8, 32 шет мемлекеттен 103 байқаушы бар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік БАҚ-тың 147 өкілі аккредиттелді. Жалпы, 964 халықарылық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері бар», - деді Б.Мелдешов.

Сонымен қатар ол сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қадағалайтындығын айтты.

Фото:іnform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: