«Мен өткен жылы Президен сайлауына да қатысқан болатынмын. Бүгінгі сайлауға келер болсам, онда ол заңға сәйкес өтіп жатыр және ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Халық сайлауға жарқын жүзбен келіп, белсенділік танытуда. Қазақстан азаматтары елдің посткеңестік кеңістікте қандай жетістіктерге жетіп, қалай дамып жатқанынан хабардар. Қазақстандықтардың сайлау жүргізуде бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Сондықтан, халық дұрыс таңдау жасай алады деп сенемін», – дейді ол.
Фото:safronov.info