Алматы облысында керісінше белсенділік жоғары. Яғни аймақ халқының 57,67 пайызы осы сағатқа дейін дауыс берді. Атырау облысында тұрғындардың 45,2 пайызы өз таңдауын жасады.
Еліміздің шығысында аталмыш көрсеткіш 45,83 пайызды құраса, Жамбыл өңірінде 47,41 пайызға теңесті. Ал батысқазақстандықтардың 38,67 пайызы осы сағатқа дейін белсенділік танытқан. Бұл ретте қарағандылықтар үлесіне 41,57 пайыз бұйырып отыр. Қостанай облысында сайлаушылардың 54,31 пайызы өз таңдауын жасаса, қызылордалықтардың 43,28 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Маңғыстау өңірінде бұл көрсеткіш 31,41 пайызды, Павлодарда 40,47 пайызды құрады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көрсеткіш жоғары. Онда дауыс берушілердің 48,1 пайыздан астамы саяси науқанға қатысты. Оңтүстік Қазақстанда сайлаушылардың 33,2 пайызы тиісті таңдауларын жасады.
Фото:today.kz