«Кеше біз №84 сайлау учаскесінде болсақ, бүгін Назарбаев университетіндегі №97 және Ұлттық кітапханадағы №89 сайлау учаскелерінде болдық. Осы учаскелердегі жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайлау процесі, дауыс беру кезінде адамдардың үлкен кезекте топтаспауы, яғни, осы процесті тиісті деңгейде ұйымдастыра алған қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Жалпы, Қазақстандағы бүгінгі дауыс беру процесі кейбір Еуропа елдеріндегіден әлдеқайда жоғары деңгейде ұйымдастырылған», – деген ол сөз соңында болгарялық журналистер Қазақстан журналистер одағымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Фото:today.kz