"Астана уақыты бойынша 12 сағатта шетелде 61 сайлау учаскесі ашылған, онда 2 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді", — деді Василенко брифингте.
Ол 51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылғанын еске салды.
"Сайлаудан бір күн бұрын шетелдегі сайлаушылар тізіміне 14 мыңға жуық отандасымыз енгізілген", — деді министрдің орынбасары.
Фото:newskaz.kz