Кеден Одағы бойынша ет және ет өнімдеріне қандай талаптар қойылады?

 Кеден Одағы бойынша ет және ет өнімдеріне қандай талаптар қойылады?

 

 Бүгінгі күні Кеден Одағының шеңберінде 36 техникалық регламенттері күшіне енді, олардың ішінде Еуразиялық Экономикалық комиссиясы кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен қабылданған Кеден Одағының «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті.

 Осы техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында сою өнімдері мен ет өнімдеріне қойылатын қолдану мен орындау үшін міндетті қауіпсіздік талаптарын және Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын өнімдердің еркін айналымын қамтамасыз ету үшін сою өнімдері мен ет өнімдерін таңбалау мен буып-түюге қойылатын талаптарды белгілейді.

 Осы техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігіне байланысты сою өнімдері мен ет өнімдерін тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу мақсатында әзірленді және Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын сою өнімдері мен ет өнімдеріне, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне таралады.

а)сою өнімдері мен ет өнімдері:

б)сою өнімдері мен ет өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру, кәдеге жарату процесі.

 Осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің нарығында өнімді бірыңғай айналу белгісімен таңбаланады.

 Ет өнімдерінің осы техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растауды өтінім беруші жеке дәлелі негізінде және Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген сынақ зертханасы (орталығы) аккредиттеген менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы жолымен жүзеге асырылады.

 Ет өнімдері топтамасының осы техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына мәлімделген сәйкестігін растауды қамтамасыз ету үшін өтінім беруші Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген аккредиттеген сынақ зертханасында ет өнімдерінің үлгілерін сынауды жүргізеді.

 Осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттері нарығында өнімдерді бірыңғай айналым белгісімен таңбалануға тиіс.

 Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде, балалар тағамына арналған ет өнімдері мен сою өнімдері) өндіру процесінің сәйкестігін бағалау

осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген тәртіппен өндірістік объектілерді мемлекеттік тіркеу түрінде осындай процестерді жүзеге асырғанға дейін (өнімді айналымға шығарғанға дейін) жүргізіледі.

 Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде балалар тағамына арналғанет өнімдері жәнебалалар тағамына арналған сою өнімдерін) өндіру, сақтау, тасу, өткізу және кәдеге асыру процесінің сәйкестігін бағалау осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік Осы техникалық регламенттің талаптарында және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрінде жүргізіледі.

 Кеден одағының мүше-мемлекеттері нарығында өнімдерді бірыңғай айналым белгісімен таңбалау сою өнімдері мен ет өнімдерін айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады.

 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

 Алматы қаласы бойынша департаментінің

жетекші маманы Базарбаев А.С.

 

 

Следите за новостями zakon.kz в: