Қазақстан Республикасы атынан шыққан сот шешімдерін орындалуының ерекшеліктері

Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасы атынан шыққан сот шешімдерін орындалуының ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Әділет Министрлігімен бірлесіп, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасында өзара іс-қимыл шегінде жаңа қызмет қосқандығы белгілі. Осының нәтижесінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдар мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, атқару парақтарын сот органдары жіберілген кезде сот орындаушылардың өңдіріске қабылданғандығы туралы немесе қайтару туралы қаулылары «Төрелік» ақпараттық жүйесіне қайтадан келіп түсіп тұратыны бір ерекшелігі бар.

 Атқару парағы атқарушылық құжатты қабылдау, есепке алу және атқарушылық іс жүргізуді сақтау жөніндегі нұсұаулыққы сәйкес реттеледі.

 Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдеп, Әділет министрлігінің жеке және заңды тұлғаларының деректер қорынынан іске керекті мәлімет алу болып ерекшеленеді. Деректер қорынан азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке дерекетері мен тіркелген мекен-жайлары туралы көптеген мәлімет алуға болады. Сот мәжілісінің хатшылары азаматтық істерді сот кеңсесінің атқару парағын жазу маманына тапсырады, заңды күшіне енгеннен кейін үш күн кешіктірмей атқару парағы жазылуы тиіс.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінің орындалуынын бір ерекшелігі жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді. Сот шешіміне жазылған атқару парағы арыз берушінің немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Сот актілері мен атқару парақтарынын бақылау алгоритм есебіне тіркеліп отырады. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондыатқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді.

 Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушығаберіледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.

Өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс.

Әрбір атқару парағында өндіріп алынатын жалпы сомма, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауаптылығы көрсетілуге тиіс.

Оған қоса, Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік Кодексінің(ары қарай (АПК) 139-140 баптарына сәйкес, сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алуға болады. Сот бұйрығы арқылы жалақы және алимент, сомма өңдіру және т.б.даулы мәселелер бойынша өндіріп алу, соның ішінде өндіріп алушыға өте тиімді. Азаматтардың азаматтық бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғау мысалға: төленбеген жалақы мен алимент, сомма өңдіріп алу, өзге де төлемдерді алу туралы талап арызда мәлімделген болса және растайтын құжаттар тіркелсе, сот борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ, сот бұйрығын өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде шығарып беруінде.Сот бұйрығы орындау атқару парағы сияқты заңды күші бар.

Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтық қатынасын реттейтін заң барлығына ортақ, сондықтан сот шешімін арыз беруші жағына шығарылса, оның орындалуы жауапкерге жүктелген міндет деп есептеймін.

 

 

 

Алматы аудандық

сотының бас маманы Ж.Искендирова

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Снегопад и 27-градусный мороз: резкая смена погоды ожидается в Казахстане

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

70-летняя Любовь Успенская показала друга