Тіл мен ой тереңдігі
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары ел алдынан шыққан күрмеуі қиын көптеген мәселелердің ең бастысы-қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру болғаны ел есінде. Осы жолда тіліміз қаншама тар жол тайғақ кешуден өтіп, елім деген азаматтарымыздың қажыр-қайратының арқасында өз тұғырына орнықты. Бұл істердің басы-қасында Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды. Тәуелсіздігімізді жариялаған бастапқы жылдардан бастап тіл саясаты саласында дұрыс бағдар ұстанғанымызды уақыттың өзі дәлелдейді.
Тіл-мәдениеттің басты серіппесі мен негізгі қозғаушы күші. Ұлттың қауқар әлеуеті және қуаты тіл мен ойдың қозғаушы күштерімен тепе-тең. Қоғам тіл мен ой-пікірге қаншалықты бай болса, соншалықты қабырғалы әрі қайратты болып саналады. Кісі өз ана тілін неғұрлым жақсы меңгеріп, басқалармен де еркін тіл табыса білсе, соғұрлым өз болмысы мен өмірінің мәнді өтуіне алғышарт жасай алады. Негізінен, тіл-адамның тіршілік пен өмірдегі оқиғаларға деген көзқарасын, біртұтас ағзаның және оның әр бөлшегінің ишарасы мен мәнмағынасын қалыптастыратын ең маңызды фактор. Қай тұрғыдан алғанда да, тіл мәдени өмірімізде шешуші рөл атқарады. Тіл-сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болуымен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. Бүгінгі таңда, әрбір қоғам сөйлеу мәдениеті мен ойлау өресінің арқасында «көптеген жиғантергендері мен жетістіктері зая кетпесін, тілдік һәм әдеби мұраларды байытсын, бүгінгі һәм өткен күннің шындығы мен қателерін, бүгінгінің қателерімен қатар өткеннің шындығын көріп ғибрат алсын және қажетсіз жерге тағы да теріс жолмен жүрмесін» деп, сыналып жатады.
Сонымен қатар, тілдің болашағы қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында екені даусыз. Ұлттық мәдениет пен ана тілі-егіз ұғым. Бүгінгі ұрпақтың ертеңгі елі мен жерінің қамын ойлайтын азамат атануы үшін, барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді дамытуға міндетті.
ШҚО, Катонқарағай аудандық сотының бас маман Ш.К.Темиржанова