Судьялық лауазымға талаптардың артуы

Судьялық лауазымға талаптардың артуы

 

Қазақстан Республикасы президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ерекше мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Бізге қатысты мәселе заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған.

Елбасының судьялар біліктілігіне қойылатын талаптарын күшейтуі, заман талабынан туындап отырған мәселе. Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелігін іске асыру өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы - судьялармен жүргізілетіні белгіленген.

Сол үшін мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі шартты қадам болып табылды.

Оның ішінде, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға баса назар аударылып, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндеттелді. Өз саласының білікті маманы болуы үшін сол салада төменгі сатыдағы қызметтерді атқарудан бастап, сатылы түрде тәжірибе жинақтау арқылы білімін, кәсіби дағдысын ұштайтыны белгілі. Бұл жүйе кез келген адамның судья лауазымына өтіп кетпей, сот ісін жүргізуден нақты тәжірибесі бар, сот жүйесінде қызмет атқарған, сот процестеріне үнемі қатысып қалыптасқан хатшылардың, ең маңыздысы судьялық корпусқа білікті мамандардың келуіне септігін тигізеді.

Судьялыққа үміткерлер соттарда судья жалақысының 70 пайызы мөлшерінде жалақысы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өту және одан кейін судьяға бір жылдық сынақ мерзімін белгілеу деп атап көрсетілген.

Судьялықтан үміткер судьяның көмекшісі қызметінде сотта істің қалай қаралатынын, сот процесінің қалай ұйымдастырылатынын, дәлелдемелерді заң нормаларына сәйкес зерттеу, сот актілерін сауатты жазуға машықтану сынды даярлықтан өтіп, білікті судьялар корпусының қалыптасуына ықпал ететін болады.

Судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судьялыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

100 қадамның қатарында судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ету мақсатында «Сот төрелігі» институты мемлекеттік басқару академиясынан бөлініп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанында қызмет атқарады.

Сот корпусында жұмыс атқаратын судьялардың біліктілігіне баса назар аудару қажеттігін Елбасы атап көрсетті. Бұл бағытта түрлі іс шаралар жасалды. Оның бірі Жоғарғы соттың пайымдауы бойынша мамандандырылған, білім алған үміткер судья біліктілігін және жұмыс сапасын жақсартуы. Сондықтан қалыптасқан «Сот төрелігі» институтында оқыған үміткер магистрант болып шығады. Олардың білім алуына мемлекет қаржы бөледі. Бітіруші магистранттың кейіннен судьялық лауазымға қатысу және қатыспау құқығы бар.

Сонымен бірге судьяларды аттестациялау мәселелері де көтерілуде. Аттестациялау мәселесі де бұрынғы жүйедей емес. Мемлекеттік қызметшілерден бөлектеу болу мәселесі қарастырылуда, яғни бес жыл ішінде бір рет аттестациядан өту қажеттілігі қозғалуда.

Сондықтан басты міндет - Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарын мінсіз орындау болмақ.

 

Астана қаласы

Алматы аудандық

сотының судьясы Ж.Жетібаев

Следите за новостями zakon.kz в: