Республикамызда сот жүйесін қалыптастыру мен реформалауда съездердің әсері
Сот жүйесінің ең негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және Республика Конституциясының, өзге де заңдарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл Еліміздің тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе кез келген органның заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғауға кепілдік беретін орган екенін ұмытпауымыз қажет.
1996 - 2016 жылдар аралығында Елбасының қатысуымен жеті рет Судьялардың съезі өткізілген болатын. Өз кезегінде ұзақ жылдар бойы сот жүйесі белгілі бір даму заңдылығын басынан кешірді. Онда сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару, қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның дамуына заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттіліктері және өзге де мәселелер кеңінен көтерілген.
Соның нәтижесінде, әрбір адамның құқықтық негізде өз мүддесін қорғауға деген сенімі нығайды және азаматтардың соттарға жүгіну көрсеткіші жыл сайын арта бастады. Сондай-ақ Елімізде жаңадан «Медиация» нормасы енді, онда тараптарды бітістіріп, дауды бейбіт жолмен шешу алғаш орын алды.
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес соттарды мамандандыру мақсатында Еліміздің барлық өңірлерінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық, әкімшілік, қылмыстық және де кәмелетке толмаған істер жөніндегі соттар іске қосылды.
Елбасының жариялаған «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарымен сот жүйесінің алдыңда заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған болатын.
Бүгінгі таңда сот жүйесінің алдына қойылған бұл міндеттер заңнамалық тұрғыда толығымен орындалды. Сот жүйесін одан әрі реформалаудың жаңа маңызды кезеңге алып келді. Онда ілгері дамыған елдердің озық тәжірибесі мен саясатына негізделген, қазіргі таңда сот тәжірибесінде іске асыру өзінің жағымды нәтижелерін беруде.
Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процессуалдық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді.
Істерді қарауда жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі соттағы әуре-сарсаңды азайтуға мүмкіндік берді. Сот сатыларын оңтайландыру мақсатында, облыстық және оған теңестірілген соттарда екі алқаны біріктіріп, апелляциялық алқаның орны ерекше айқындалды.
Республиканың Жоғарғы Сотында мамандандырылған алқа құрылды. Бүгінде республикадағы барлық сот отырысы залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды, нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар екі есеге қысқарды. Судьялыққа кандидаттар үшін жұмыс өтіліне қойылатын талаптар қатаңдатылды.
Съездер сот жүйесінің ілгері дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие екендігін ұмыстпауымыз қажет. Республикамызда ұзақ жылдар бойы сот жүйесін қалыптастыру мақсатында жасалған реформалардың нәтижесінде соттардың тәуелсіздігі мен судьялардың мәртебесі барған сайын артып келеді.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының
судьясы Ж.К. Жетібаев