Рухани жаңғыру

Фото: zakon.kz

Рухани жаңғыру
Ұлттық кодты сақтау - ұлтты сақтау

 

«Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп еді осыдан бір ғасыр бұрын алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов. «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек», «Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады» деген сөздері де саналы қазақтың есінде. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім», «Ал қазақ мешел болып қаламын демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе» деді ұлы Мұхтар Әуезов. «Құрғақ білім, жаттап алған кітап, жаттыққан тілмен жұмыс бітпейді, жаңа дүние жасалмайды, мақсат орындалмайды» деді Қошке Кемеңгерұлы.

Елбасының жуықта ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы осыдан бір ғасыр бұрын қазақтың өз алдына автономия құрып, еркін ел болуын аңсаған алаш қайраткерлерінің мақсат-мұратын, арман-аңсарын жүзеге асырып жатқандай көрінді. Президенттің мақаласындағы орамды ойлар, салмақты ұсыныстар осыдан 100 жыл бұрынғы алаш қайраткерлерінің ой-толғамдарымен үндесіп жатқандай көрінді.

Қазіргі уақытта қазақ қоғамында келеңсіз құбылыстардың кең етек алып кеткені жасырын емес. Өз-өзіне қол салу, бесіктен белі шықпаған қыз баланы соқталдай азаматтың зорлап кетуі, жаңа туған нәрестесін қоқысқа, дәретханаға тастау, тойлардағы шектен шыққан дарақылық, жемқорлық, тағы басқа да қоғамды алға бастырмайтын қордалы мәселелер саналы жұртты алаңдата бастаған еді. Елбасы мақаласы осындай келеңсіз құбылыстарға тойтарыс беріп, қазақ қоғамын жаңа белеске шығарып, қазақстандықтардың ой-санасын өзгертетіне күмән келтірмейміз. Мемлкет басшысы: «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деп кесіп айтты. Расында, жоғарыда аталған келеңсіз құбылыстар ұлт руханиятын жете білмегендіктен, салт-дәстүрлерімізге салғырт қарағандықтан шығып отырғанын ешкім жоққа шығара қоймас.

«Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманда» (Шәкәрім) дүниедегі барлық мемлекеттер заманға сай жаңғыруды қалайды. Уақыт жылдам өзгереді, ғасырлар даму ерекшеліктерімен есте қалады. Уақыт үддесінен шығу үшін жаңғыру біздің өзімізге керек, тарих та сонымен бірге жасалады. Бүгінгі заман қажырлы еңбекті, қайратты күресті талап етеді. Біз ұлттық кодымызды сақтап, болмысымызды жат идеологиялардан қорғауымыз керек.

Мемлекет басшысы өз мақаласында дөп басып айтқандай, рухани құндылықтарсыз сана толықтай жаңармайды. Технология мен инновацияға, экономиканың жаңа салаларын дамыту мен инфрақұрылымға көңіл бөле отырып, біз рухани құндылықтарды да ұмытпауымыз керек. Себебі, кез келген халықтың дамуы үшін рухани ұстынның орны өлшеусіз зор. Ұлы халықтар әрдайым үйлесімділік жолымен жүреді. Рухани тұрғыда гүлдену қашанда тіршіліктің барлық саласының өркендеуіне ықпал етеді. Өйткені, кемел білімді әрі рухы бай адамдар уақыттың жаңа талаптарына дер кезінде жауап беріп, дұрыс шешім қабылдай алады.

Елбасы осыны терең түсініп қана қоймай бізге таяу болашағымыздың көрінісін көрсете отырып рухани жаңғырудың 6 бағытын ұсынды. Ұлы даланың талай ғасырлар бойғы мұрасы, халқымыздың даналығы мен өмірлік бай тәжірибесінің қосындысы осы рухани жаңғыруға негізгі ұстын болады. Мақалада көрсетілген идеялар Қазақстанның рухани саласындағы реформаторлық жаңашылдықтар болып табылады. «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ұлттық руханиятты зерделеп, зерттеуде жаңа тыныс ашады, соны серпін береді деп ойлаймыз.

Бүгінгі ұрпақ әр саладан хабардар бола отырып өз мақсатына жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалана білуі керек. Біздің болмысымызға тән ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалана білу біздің өз бейнемізді танытады, мінезіміз бен мәдениетімізден хабардар етеді.

«Біздің еліміздің судьялары ең басты мәселеге негізделген жаңа көзқарастарды талдап жасайды деген сенімдемін. Мәселені адамдар өздерінің құқықтарын қорғау үшін шенеуніктерге емес, әкімдерге емес, Президентке емес, сіздерге келетіндей етіп қойыңыздар. Мәселені олар сіздерге сенетіндей, сіздерге келетіндей етіп, ал сіздер барлық проблемаларын әділдікпен шешіп беретіндей етіп қойыңыздар. Тек осылай ғана сіздер біздің халқымыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене аласыздар». Елбасы осыдан бірнеше жыл бұрын судьялар қауымымен кездесулерінің бірінде осылай деп еді. Мемлекет басшысы бір ауыз сөзімен-ақ үлкен жауапкершілік жүктеген еді үшінші билік өкілдеріне. Бұл бағдарламалық мақала Президенттің сөзін еріксіз еске түсіріп отыр. Мақалада айтылған маңызды дүниелер халықпен тікелей жұмыс істейтін, ақты ақ, қараны қара дейтін сот саласының қызметкерлеріне де зор жауапкершілік жүктеп отыр. Ендеше, ел алдындағы жауапкершілік жүгін естен шығармайық.

 

Қайрат Чакпантаев,

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы

 

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

70-летняя Любовь Успенская показала друга

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Основатель сети магазинов одежды Mango погиб на экскурсии на глазах у членов семьи

Алсу ответила на вопросы поклонников о своей беременности