100 нақты қадам – жаһандану негізі

Фото: zakon.kz

100 нақты қадам - жаһандану негізі

 

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің алдына қойған басты мақсаты - ол әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енуі. Осы мақсат барысында Елбасымыз ұсынған бес институттық реформа және оны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары мемлекетіміздің нығайып, біртектілік пен бірлікті қалыптастыруда, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге оңтайлы мүмкіндіктер туғызып отыр.

Жоспардың негізгі мақсаты - «аурудың сыртқы белгісін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды», делінген. Жоспардың негізіне бес институционалдық реформа енгізілген: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастрыу.

Тәуелсіз және әділетті сот - кез-келген мемлекеттік қызметінің негізі. Яғни, Ұлт жоспарында айтылғандай, жетілдірілген заңды қабылдау арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін сот жүйесі арқылы қорғау одан әрі дамып, еліміз жоғары деңгейдегі дамыған құықтық мемлекетке айналмақ.

Жалпы, «100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының қай тарауын, қай тармағын алсаң да өркен жаяр елдің өрісті ісі, оған әр азаматтың қосар үлесі де орасан. Соның ішінде сот жүйесіне жүктелген 11 қадам заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты сот қызметінің ашықтығын, жариялылығын жүзеге асыруға, халық пен сот арасын жалғастырып, заңды қолдану және сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне бағытталған. Елбасының айтуынша, сот билігі көш ілгері тұр. Сондықтан, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында сот жүйесі түбегейлі жаңаруы тиіс деп нақтылап айтылған. Бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар жүргізілген. Мәселен, сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін Ұлт жоспарына сәйкес бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшті. Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғары сот кеңесі» туралы жаңа заң қабылданды және «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы конституциялық заңға, қылмыстық процессуалдық кодекс пен әкімшілік құық бұзушылық туралы кодекске сәйкесінше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулер еліміздегі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот қызметінің беделін көтеруге, судьялардың қызметіне халықтың сенімі артып, ықпал етпек.

Олай болса, жарқын болашағымыздың гүлденуі үшін егемендігіміз бен бірлігімізді қорғай отырып, жоспарда көзделген нақты 100 қадамды жүзеге асырып, төрткүл дүниеге Қазақ елінің абырой-беделін көрсетумен қатар, келешегінің кемел екенін дәйектейік.

 

 

Астана қаласы Алматы аудандық сотының

бас маманы М. Сембеков

 

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Снегопад и 27-градусный мороз: резкая смена погоды ожидается в Казахстане

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

70-летняя Любовь Успенская показала друга