Шенді тұлғалардың құпия табысы
Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің табысты мағлұмдауы неге 2020 жылға шегерілді? Еxclusive.kz жүргізген тергеу нәтижесі бұл сауалға бірде -бір мекеме жауап бермейтінін көрсетті.
«Біздікілер» өз кірісін жариялау жөніндегі 3.2 ұсынымдарын орындауға өз келісімін берген сияқты болған, бірақ «ОНДА» орындады деген белгі қойып, атқару істерін келісілген 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың белгісіз бір уақытына ауыстырды. Бұл қулықшылық бос сөз - 2020 жылға дейін кім бар, кім жоқ. Сөйтіп жүргенде өзінен өзі ұмытылып та кетер. Әзірге экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «бұл ұсынымдарды орындау барысында айтарлықтай өрлеу байқалады» деп, мойындап, есептерін мақулдап та үлгерді.
«ОНДА» - бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), бұл ұйым Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарын орындау барысын үнемі бақылап отырады. Қазіргі кезде бақылаудың IV кезеңі жүріп жатыр.
Осы ұсыныстардың біріне жоғары лауазымды әкімшілік қызметкерлердің, саясаткерлердің, сот, прокурор және де басқа сыбайласқан жемқорлық орын алуы мүмкін орган мамандарының кіріс пен табысты декларациялауы жатады.
Халықаралық терминдер не мағына береді?
«Айтарлықтай өрлеу» - бұл мемлекет ұсынымдардың тең жартысын орындау мақсатында қабылдаған тәжірибелік шаралар. Бұл тізімге маңызды заңның қабылданғаны немесе заңның орындалуын қамтамасыз ету шарасы кіреді.
Сонымен қатар, халықаралық ұйым басқа да термин енгізген. Бұл: «өрлеу» және «өрлеудің жоқтығы».
Ұсынымдарды орындау мақсатында қабылданған кейбір шараларға «өрлеу» термині пайданылады. Аралық есептемені бағалау аясында, мәселен, парламентке қарастыруға жіберген немесе парламентте қарастырылатын заңжобаларының бары бағаланып, «өрлеу» ретінде қабылданады.
«Өрлеудің жоқтығы» - ұсынылымдарды орындау мақсатында іске асырылмаған шаралар жайында айтылады.
Толық орындалған ұсынылымдар аралық есептемеде процедурасына енгізілмейді, мұнан былай тек бақылау процедурасы аясында бағалануы мүмкін.
2016 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасына өзгертулер енгізілген болатын, бұл өзгертулердің ішінде табысты жалпыға бірдей мағлұмдау болатын(заңның 11 бабы «Қаржылық бақылау шаралары»). Еске сала кетейік, алғашқыда бұл бап 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс жүзіне асады деп, жоспарланған, алайда оны іске асыру 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді.
Жалпыға бірдей мағлұмдау мерзімі кейінге қалдырылды. Кенеттен «мемлекеттік дерекқор» дайын болмай шықты, салық органдары декларацияларды тексеріп, өңдеуге дайын емес екені анықталды.
Сөйтіп не себептен жалпыға бірдей мағлұмдау мерзімі кейінге қалдырылғанынын тұжырымдамасы бірден дайын бола қалды. Кенеттен «мемлекеттік дерекқор» дайын болмай шықты, салық органдары декларацияларды тексеріп, өңдеуге дайын емес екені анықталды.
Кімді санап және кімнен талап етіп жатыр?
Қазіргі кезде және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, күшінен айырылған «Жемқорлықпен күрес» туралы ҚР заңының 9 «Қаржылық бақылау шаралары» бабы қолданысқа ие. Осыған сай мемлекеттік қызметкерлері мағлұмдауының тәртібі мынандай:
1. Мемлекеттік қызметке үміткерлер өз мекен жайы бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыс және мүлік жөнінде декларациясын тапсырады, яғни ҚР аймағында немесе ҚР-нан тысқары жерде орналасқан мүлігіне, салымдары мен заңды тұлғалардың акционері немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталдың демеушісі ретінде мағлұмат беруі тиіс;
2. Мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын өз өкілеттігін орындау барысында өз мекен жайы бойынша кіріс органдарына табыс және салық салынуы тиіс, ҚР аймағында немесе ҚР-нан тысқары жерде орналасқан мүлігі жөнінде декларациясын ұсынады.
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себеппен кеткен тұлғалар жұмыстан кеткеннен кейін, мекенжайы бойынша үш жыл бойы табыс және салық салынуы тиіс, ҚР аймағында немесе ҚР-нан тысқары жерде орналасқан мүлігі жөнінде декларациясын ұсынады.
Табыс және мүлік жөнінде декларацияны тапсыру және салымдары жайында мәлімет беру міндеті жоғарыда аталған тұлғалардың жұбаларына да жүктеледі.
Мемлекеттік кіріс органдарына декларация арқылы келіп түсетін мәліметтер қызметтік құпия болып саналады. Ол жайында ақпарат таратқаны үшін, жауапты адамдар жұмыстан шығарылады.
Сонымен бірге декларацияда бар мәліметті жариялау міндетті емес. Оның үстіне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сай мемлекеттік кіріс органдарына декларация арқылы келіп түсетін мәліметтер қызметтік құпия болып саналады. Ол жайында ақпарат таратқаны үшін, жауапты адамдар жұмыстан шығарылады.
Декларация және де басқа мәліметтер сыбайласқан жемқорлықпен күрес жүргізетін өкілетті органдардың, яғни Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сұратымы арқылы беріледі.
Қолда бар мағлұмдау жүйесі
Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерге арналған мағлұмдау жүйесінің бір қатар кемшіліктері бар.
Қолда бар жүйе ашық емес. Бұл өз кезегінде декларацияны тексеретін қоғамдық механизм жұмысының дамуын, тексреру жүргізу, яғни сыбайласқан жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыстарды қиындатады.
Бірінші кемшілігі - жүйе ашық емес. Осының салдарынан мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жарларының кіріс туралы мәліметтері ашық болудан бұрын, заңды түрде қызметтік құпия болып саналады. Бұл тексерудің қоғамдық механизмының дамуын қиындатады, тексеру жүргізуді көздеген журналисттер мен азаматтық белсенділердің жұмысына кедергі, оның ішінде сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы да бар.
2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілген ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы дәл осы табыс туралы мағлұмдамалар мен мүлік жайындағы мәліметтерді жариялы етер еді.
Тексеру қортындысы жайындағы ақпарат жарияланбайды.
Екінші кемшілігі - декларацияларды тексеру қортындысы немесе заң бұзу статистикасы жайындағы ақпарат жарияланбайды.
Табысын жасырып, малұмдама ұсынудан бас қартқандарға 50 АЕК (бір айлық көрсеткіш) көлеміндегі айыппұл айтарлықтай көп емес.
Үшінші кемшілік - заң бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың символикалық сомасы. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер әдейі табысын жасырғаны үшін немесе толыққанды мәлімет бермегені үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексіне сай -274 бап «Қаржылық бақылау шараларын бұзу» бойынша,50 АЕК(1 АЕК=2269 теңге), айыппұл сомасы -300 доллардан асады. Табысын жасыру немесе толыққанды мәлімет бермеу сияқты заң бұзушылық үшін қарастырылып отырған айппұл сомасы азғантай ғана.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысын жасыру немесе толыққанды мәлімет бермеу сияқты заң бұзушылық үшін қарастырылған айппұл көлемін 30 АЕК-ке азайту ұсынылып отыр.
Мемлекеттік органдардың түсініктемесі
Мағлұмдау мәселесіне байланысты түсініктеме алу үшін Exclusive.kz мемлекеттік органдар мен сарапшыларға жүгінген болатын.
Мемлекеттік органдардың жауабына қарағанда, мағлұмдау жөніндегі ұсынымдарға ешкім тікелей жауап бермейтін болып шықты. Қазақстанның Қаржы министрілі «декларацияларда бар мәліметті жариялау жөніндегі мәселе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік құзыретіне кіреді», деп санайды. Ал агенттік болса «декларацияларда бар мәліметті жариялау жөніндегі мәселе» олардың құзыретіне кірмейтініне сенімді».
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сіздің 4 мамыр 2017 жылы жіберген № 17-ЕХ-012 ақпарат беру туралы жолдауыңызға мынаны хабарлайды.
Қазіргі кезде табыс және мүлік жайындағы ақпаратты тек шектеулі топтағы адамдар ғана ұсынады(мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, соттар), бұл өз кезегінде декларацияда көрсетінген табыспен мүліктің шығу тегін анықтау жұмыстарына кедергі келтіреді, сондықтан заңсыз алынған табыс пен мүлікті басқа тұлғаларға, декларация тапсырмауға міндеттелмеген тұлғаларға рәсімделеді.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының 3.2 ұсынымын орындау тек жалпыға бірдей мағлұмдама тапсыру міндеті енгізілгеннен кейін орындау жоспарланып отыр.
2015 жылдың соңында «Жеке тұлғалардың табыс пен мүлікті мағлұмдау жөніндегі Қазақстан Республикасы заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар» енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданған болатын, (ары қарай Жалпыға бірдей мағлұмдама тапсыру туралы заң), № 412-V заң 2015 жылдың 18 қарашасы күні қабылданған, бұл құжат бойынша, жеке тұлғалардың кезең-кезеңмен табыс пен мүлік туралы мағлұмдама тапсыру көзделген:
1 кезең 2017 жылдан басталады - мемлекеттік қызметкерлер, соттар, депутаттар, ұлттық компаниялардағы басқарма және әкімшілік бейіндегі қызметкерлер және бюджеттік ұйым жұмыскерлері;
2 кезең 2020жылдан басталады - қалған жеке тұлғалар.
Алайда 2016 жылдың 30 қарашасы күні Қазақстан Республикасының «Салық салу және кедендік әкімшілендіру жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» қабылданған № 26-VI заңына сәйкес мемлекеттік органдарда бар деректердің салыстырмалдылығы мен өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында және сапалы түрде жаппай мағлұмат енгізу үшін бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаларға мағлұмдама енгізу мерзімін кейінге қалдыру көзделген, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлермен бір кезеңге 2020 жылдан бастау қарастырылған.
Сонымен қатар, сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілеттігінде екеніне назар аударамыз, мағлұмдамада бар ақпаратты жариялау жайындағы мәселе Агенттік құзырында.
Вице-министр Қ. Баедилов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:
Сылайласқан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының 3.2 ұсынымын орындау барысы жайында, оның ішінде мүлікті декларациялау туралы ақпарат беру туралы Сіздің суалыңызды қарастыра отырып,жалпыға бірдей мағлұмдау мәселесі Агенттік құзырына кірмейтінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сылайласқан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының үшінші кезеңіндегі ұсынымдарын орындау мемлекеттік органдарға бекітілуі бойынша, Премьер-Министрдің 2017 жылдың 23 қаңтары күні өткен жиыны барысында бекітілген № 12-5/07-544 хаттамасына сай ұсынымдағы заңнамалық ережелер мен кіріс пен мүлікті декларациялау дағдысын орындау Қаржы министрлігіне жүктелген.
Осы баяндаманы ескере отырып және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18 бабының 2-1 тармағына сай бұл мәселе Қаржы министрлігіне жолданды.
Сонымен қатар, «Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 11 бабының 9 тармағына сай Агенттік төрағасының 2016 жылдың 6 қазан күнгі № 3 жарлығымен мемлекеттік құпияға жататын ақпараттан өзге жариялануға тиіс мәлімет тізімі бекітілген.
Жалпыға бірдей декларация енгізу мерзігі кейінге шегертілгеніне байланысты, бұл мәліметтердің ресми органдар мен ұйымдардың интернет-ресурстарында жариялануы 2020 жылы басталады.
Төраға орынбасары А. Шпекбаев.
Татьяна Зинович, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы:
Мағлұмдаудың мұндай жағдайы сыбайласқан жемқорлықпен күрес жүргізу процессіне кері әсер етеді және бұл іске қоғаммен БАҚ қатысуын азайтады.
Қазақстан мүлікті мағлұмдау жүйесін сыбайласқан жемқорлықпен күрес мақсатында пайдаланбаған. «Сыбайласқан жемқорлықпен қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтегі барлық тұлғалар салық төлеу үшін өз табысы және мүлігі туралы декларация ұсынады, алайда қолда бар жүйе іс жүзінде мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық қылмыстарын ашуға тырыспайтын. Осы кемшілікті ескере отырып және сыбайласқан жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаға сай, Қазақстан мағлұмдауды енгізуді көздеген, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің ірі көлемдегі шығынын декларациялау және жалпыға бірдей табыс пен мүлік мағлұмдасын енгізу жайында тілек білдірген.
2015 жылдың қарашасында Қазақстанда жеке тұлғалардың табыс декларациясына қатысты құқықтық актілерге толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды, осы арқылы азаматтардың барлығына енгізілетін жалпыға бірдей мағлұмдау енгізілген.
2016 жылдың қарашасында мағлұмдама енгізу 2020 жылға шегерілді. Бұл реформа көлеңкелі экономика көрсеткішін азайтуға көмектеседі және сыбайлақсан жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлердің мүлігін бақылап отыруға ықпалын тигізеді.
Сол себептен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайласқан жемқорлықпен қарсы күрес жүйесіне мүше барлық Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне (оның ішінде Қазақстанға да арнап) беретін табанды әрі нақты ұсынымы бар, яғни табыс мағлұмдамасын және мүлік жөнінде дерек беру жүйесін енгізу, әсіресе сыбайласқан жемқорлық қауіпі жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын жоғары лауазымды тұлғаларға; сондай-ақ мүлікті декларациялау жүйесін іске асыруға жауапты органдарға ақпаратты жариялауға, тексеру жүргізуге, шара қабылдауға, статистикалық дерек жинауға керек міндеттеме, құқық және ресурс беру ұсынылады.
Бұл ұсынылым күні бүгінге дейін Қазақстан тарапынан орындалмай келеді, яғни сылайласқан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының төртінші кезеңгі бақылауы барысында.
Біздің пікірімізше, мағлұмдаудың мұндай жағдайы сыбайласқан жемқорлықпен күрес жүргізу процессіне кері әсер етеді және бұл іске қоғаммен БАҚ қатысуын азайтады. Біз ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын қолдаймыз, яғни Қазақстандағы мағлұмдау тәжірибесін өзгерту туралы ұсынымдарын және жоғары лауазымды тұлғалардың, саяси қызметкерлердің, соттарды, көпшілікке танымал тұлғалар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы ұсынымдарын қолдаймыз. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің жариялылығын көтеріп, мемлекеттік министрліктер мен мекемелердегі сыбайласқан жемқорлық тәуекелін азайтатын еді».
Бөтагөз Сейдахметова, «Эксклюзив.kz» интернет-журналы