Талап қою арызын қабылдауы мүмкін

Талап қою арызын қабылдауы мүмкін

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодекстің 151- бабына сәйкес, егер:

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;

3) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана  туралы және нақ сол негіздер жөніңдегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.

Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады, ол талап қоюға қоса берілген  барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.

Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.

Егер іс азаматтық сот ісін тәртібімен қарауға және шешіге жатпаса, соттың талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымында талап қоюшыға қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық білдіруі мүмкін.

 

Бостаныдық аудандық сотының судьясы

Г.Т. Джуламанова

 

Следите за новостями zakon.kz в: