«Төрелік» Ақпараттықжүйесінде хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу
Сот төрелігін жүзеге асырудың және сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі - ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Қазақстандық сот жүйесі ТМД елдерінің арасында алғашқы болып1999 жылы ақпараттық технологияларды енгізуді бастап кетті. Осы тәжірибенің негізінде 2004 жылы барлық соттарды біртұтас автоматтандырылған сот өндірісі жүйесін құру туралы тұжырымдама жасалды. Ал 2007 жылы еліміздің барлық соттарына Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізу толықтай аяқталды.Сонымен қатар сот саласын дамыту және неғұрлым жеңілдету, қолжетімді ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі енгізілді.
ҚР соттары 2007 жылдан 2016 жылға дейін «ҚР СО БААТЖ» бағдармасымен жұмыс жасап келді, ал 2016 жылдан бастап «Төрелік» АЖ-не көшті. «Төрелік» АЖ -де жұмыс жасау барынша жеңілдетілген, автоматтандырылған және қағазбастылықты барынша қысқартуға бағытталған. Еліміздің барлық соттары «Төрелік» АЖ-де іс жүргізудібекітілген бірыңғай істер номенклатурасы негізінде жүргізеді.
«Төрелік» ақпараттық жүйесінде кіріс құжаттарын қабылдау, тіркеу және өңдеу, бөлуге тоқтала кетсек. Сот кеңсесіне кіріс құжаттар қолма-қол қабылданады немесе «Сот кабинеті» электрондық сервисі, ҚР мемлекеттік органдары ЭҚАБЖ және республика соттары арасында «Төрелік» АЖ арқылы электронды түрде сот кеңсесіне құжаттар, арыздар, талап арыздар немесе хаттар жолданады.Кіріс кеңсесі әрбір келіп түсетін кіріс құжаттарын ең алдымен АПК-нің талаптарына сай келуін тексереді, яғни талапқа сай келмейтін қіріс құжаттар кемшіліктерін жою үшін қайтарылады. Кіріс құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуі маңызды рөл атқарады, соның ішінде талап-арыздардың АПК-нің 148-нің бабының талаптарын сақтап рәсімделуіне кіріс құжатты қабылдау кезінде кеңсе мамандары басты көңіл аударады. Себебі заң талаптарына сай рәсімделмеген талап арыздар қабылданса кейін соттың ұйғарымымен кері қайтарылады. Кіріс кеңсесіне келіп түскен әрбір құжат істер номенклатурасына сәскес тиісті жуналына тіркеледі және орындаушыға «Төрелік» бағдарламасы арқылы жолданады. Қолма-қол келіп түскен әрбір құжат электронды нысанда жүйеге енгізіледі. Кеңсеге келіп түскен талап арыздар «3-1» журналына тіркеледі, талап арызды тіркеу кезінде реквизиттері, яғни кім талап арызды беріп отыр: жеке тұлға болса ЖСН нөмірі, ал заңды тұлғалардың БСН нөмірін теру арқылы автоматты түрде барлық ақпарат жүйеден алынады. Сонымен қатар баж төлемі төленсе ол туралы ақпаратжеке бөлімде жүйеге енгізіледі. «Төрелік» АЖ-нің ерекшелігі баж төлемі туралы ақпаратты ЖСН немесе БСН нөмірлері арқылы жүйеден (ПШЭП) автоматты түрде тауып алуға болады немесе кеңсе маманы деректерді түбіртекке сай толтырады. Талап арыздың тіркелгендігі туралы талап арыз беруші тарапқа талон беріледі немесе ұялы телефонына сәйкесінше істің нөмірімен тіркелген күні көрсетіле отырып хабарлама жолданады.
Тіркелген талап арыздың әрі қарай деректемелері толтырылып әрбір істің санаты бойынша «Төрелік» АЖ-де автоматты түрде судьяларға бөлінеді.Қазіргі таңда кез келген сатыдағы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге байланысты кез келген тараптардан келіп түскен талап арыздар өз кезегінде әрбір судьяларға база арқылы автоматты түрде әр санат бойынша бөлінеді. Электронды жүйе арқылы істерді автоматты бөлудің бірден бір мақсаты- талап арыз берген тараптардың істі қарау барысында автоматты түрде бөлінген судьяларды білмеуі, соған сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны жою болып табылады. Істі өз өндіріне қабылдаған соң судья іс бойынша шығарған әрбір сот актісін «Төрелік» АЖ-не енгізеді, ал тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы осы сот актілерімен үйлерінде отырып-ақ таныса алады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің және сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.
Астана қаласы Алматы аудандық
сотының бас маманы К.С.Кабдулина