100 нақты қадам – қазақ халқының қадамы

100 нақты қадам - қазақ халқының қадамы

 

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформа бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесін алға қойған мақстаттарының бірі реформа аясында атқарылатын «100 қадам» Ұлт жоспары бойынша кәсіби біліктіліктері тәуелсіз сот жүйесін дамытуды өзекті міндет ретінде орынду үшін алға қойған болатын. Айта кетсек, заңды мүлтіксіз орындау принціпін қатаң қадағалау экономикалық өсімнің кепілі болса, қоғамдағы заңның қатаң орындалуында ең бірінші кезекте сот жүйесі негізгі рөл атқарады. Еліміздің сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық стандарттар енгізілуде.

Бұл елімізде заңның үстемдігін  қамтамасыз етуге, оның ішінде  еліміздегі сот қызметінің беделін көтеруге,  судьялардың қызметіне деген халықтың сенімін  арттыруға, сонымен қатар, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайтуға бағытталып отырғанын көрсетеді.

Судьялыққа  үміткерлердің  сот істерін жүргізуге қатысудағы 5 жылдық өтілі болуының, кәсіби  дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу, судьялыққа үміткерлердің соттарда стипендия төленетін  бір жылдық тағлымдамадан өтуі, одан соң судья  бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі қажеттілігі қарастырылған.   

Судья  лауазымына  үміткерлерге қойылатын жаңа талаптардың  күшейтілуінің түпкі мақсаты - судьяларды тағайындау, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін көтеру арқылы болашақта сот корпусының сапалы құрамын жақсарту. Стратегиялық жоспарда көрсетілген сот билігінің халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту,  барлық сот процестеріне үн-бейне  жазба құрылғыларын қолдануы, алқабилер соты қолданылатын  салаларды кеңейту - соттардың халыққа бір қадам жақын болуы  бағытында жасалып жатқан шаралар болып табылады.

Бұл жоспар біліктіліктің, елдің ертеңі, халықтың тағдыры үшін  жауаптылықтың, көрегендіктің айғағы, негізгі мақсаты аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеуге бағытталған.

Бұл  құжатта маңыздылығы жөнінен 1-ші көтерілген мәселе мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, ондағы жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алуға және сауықтыруға бағытталған.

Ұлт жоспарының  қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бөлігінде  мемлекетіміздің сот жүйесін реформалауға қатысты өзекті мәселелер қамтылған.

Ұлт жоспарының жүзеге асырылуының бірден-бір айғағы - сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы, сот жүйесі инстанцияларының азайып, яғни оңайлатылып, үш сатылы:  бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігіне көшуі.

Cот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот саласына деген сенімін нығайтуда.

 

 

Астана қаласы Алматы аудандық сотының

бас маман сот отырысынң хатшысы                                              Еркебекұлы Е.

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: