Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
пайдалануды экономиқалық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалну, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау - жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын,өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамсаыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында былай делінген - Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде белгіленген.
Сонымен бірге Қазақстан Республкасының әрбір азаматына табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау міндет болып табылады.
Табиғат пен оның байлықтары қазақстан халқының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың негізі болып танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылыған.
Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық, қылмыстық жазаларға тартылады.
Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыты болып табылатын шаралар - зиянды заттардың мөлшерін азайту, жаңа тазалағыш құрылғылар құрастыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіру, судың тұздалмауын қамтамсыз ету, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарынан тұратын газдарды тазалау, зиянсыздандыру.
Алайды осы заң принциптері өкінішке орай біркелкі сақталмай келеді. Оған дәлел сотқа келіп түсетін талаптардан байқалады.
Экономикалық соттың қарауына негізінен экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциясы тарапынан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге байланысты берілген нұсқамаларды орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыздар легі басым.
Бұндай нұсқамалардың белгілеген мерзімінде орындалмауын мемлекеттік мекемелер негізінен бюджеттік қаржының бөлінбеуімен түсіндерсе, кейбір заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде қаржы тапшылығымен байланыстырып жатады.
Дегенмен қаржы тапшылығы мемлекеттік органның берген нұсқамасын орындамауға негіз болып танылмайды.
Егер біз осындай себеп-салдарымен қоршаған ортаның байлықтарына немқұрайлы қарауды азайтпасақ, болашақта оның салдарын ұрпақтарымыз тартады.
Табиғатты, қоршаған ортаны біз қалай қорғасақ, табиғатта адамзат баласына өз жемісін, яғни таза су, таза ауа, жасыл желек және т.б. байлықтарын силарына күмән жоқ.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Г.Н Мақашева