Алматыда май өнімдеріне қойылатын талаптарды талқылады
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде май өнімдеріне қойылатын негізгі талаптары талқыланды.
Май өнімдері - өсімдік майлары мен өнімдері, көкөніс немесе өсімдік және жануарлар майлары мен майларынан жасалған (балық және теңіз сүт қоректілерін қоса алғанда) су қосылған немесе қосылмаған, тағамдық қоспалар және басқа да ингредиенттер. Май өнімдеріне қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық регламенті «Майы өнімдеріне арналған техникалық регламент» (КО ТР 024/2011) қарастырылған.
Осы техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын май өнімдерінің еркін айналуын қамтамассыз ету үшін, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында май өнімдеріне бірыңғай қолданылатын және орындалатын талаптары қою мақсатында әзірленген.
Техникалық регламентінің әрекеті өсімдік майларын қоспағанда, өнеркәсіптік емес өндіріс процесінде алынған май өнімдеріне; табиғи шикі зат глицерин мен тұрмыстық сабынды қоспағанда, тағамдық емес май өнімдеріне таратылмайды.
Осы құжат азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және сатып алушыларды (тұтынушыларды) адастыратын әрекеттердің алдын алу үшін май өнімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Май өнімдерінің сәйкестігін бағалау осы техникалық регламенттің талаптары бойынша жүзеге асырылады:
1) май өнімдерінің сәйкестігін растау (декларация);
2) мемлекеттік бақылау (қадағалау);
3) жаңа түрдегі май өнімдерін мемлекеттік тіркеу
Май өнімдерінің тұтынушыларға арналған орамдарындағы таңбалануы тұтынушыларды жаңылыстырмауы, түсінікті болуы, жеңіл оқылатындай, сонымен қоса жазулары, нысандары, белгілері орналастырылған фонға сай болуы керек.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы 83, байланыс телефондары: 8 (727) 303-88-52, 243-10-87. Электрондық адрес: ktrm_almaty@mail.ru.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы- М.КАрибжанова
В Алматы обсудили требования к масложировой продукции
В департаменте Комитета технического регулирования и метрологии по г.Алматы обсудили основные требования на масложировую продукцию.
Масложировая продукция - это масла растительные и продукция, изготавливаемая на основе растительных или растительных и животных масел и жиров (включая жиры рыб и морских млекопитающих), с добавлением или без добавления воды, пищевых добавок и других ингредиентов. Требования к масложировой продукции предусмотрены в техническом регламенте Таможенного союза ТР ТС 024/2011 «Технический регламент на масложировую продукцию».
Данный технический регламент разработан с целью установления на единой таможенной территории Таможенного союза единых обязательных для применения и исполнения требований к масложировой продукции, обеспечения свободного перемещения масложировой продукции, выпускаемой в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза.
Действие технического регламента не распространяется на масложировую продукцию, полученную в процессе непромышленного производства, за исключением масла растительного; непищевую масложировую продукцию, за исключением глицерина натурального сырого и мыла хозяйственного.
Документ устанавливает требования к масложировой продукции в целях защиты жизни и здоровья граждан и предупреждения действий, вводящих в заблуждение приобретателей (потребителей).
Оценка соответствия масложировой продукции требованиям настоящеготехнического регламента осуществляется в формах:
1) подтверждения (декларирования) соответствия масложировой продукции;
2) государственного контроля (надзора);
3) государственной регистрации масложировой продукции нового вида.
Маркировка потребительской упаковки масложировой продукции должна быть понятной, легкочитаемой, достоверной и не вводить в заблуждение потребителей, при этом надписи, знаки, символы должны быть контрастны фону, на котором размещена маркировка.
Более подробную информацию Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию РК по г. Алматы.
Наш адрес: г. Алматы, пр. Алтынсарина,83. Тел.: 8 (727) 303-88-52, 243-10-87. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Государственный инспектор Департамента комитета технического регулирования и метрологии г.Алматы - М. Карибжанова