Гендерлік теңдік - негізгі демократиялық құндылықтардың бірі
«Әйел - балалар панасы, әйел - отбасы шамшырағы, сонымен қатар, әйел - саясаткер, әйел-билеуші, әйел-көшбасшы да бола алады» дегендей соңғы жылдары елімізде «Гендерлік саясат» ұғымы көп айтылып жүр. Жалпы, «Гендер» дегенміз - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Гендерлік саясат - өмір құндылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдікті орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер. Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін белгілеу гендерлік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ, олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы.
Осы саясатты қолдайтындарды түсінуге әбден болады. Мысалы, еңбек нарығында орын алатын дискриминацияны оның әрекет ету аясына және оның нәтижесіне байланысты жіктеуге болады. Мұндай көзқарастан әйелдер дискриминациясының жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару кезіндегі дискриминация, яғни жұмысқа қабылдау кезінде әйелдер соңғы орында, ал жұмыстан шығару кезінде бірінші кезекте тұрады, нақты бір мамандықтар немесе лауазымдар шеңберіндегі дискриминация (әйелдердің мұндай жұмысты орындауға қабілеттігі бар болғанына қарамастан, нақты бір қызмет түрімен, лауазыммен немесе мамандықпен айналысуына шектеу қою немесе тыйым салу), кәсіби карьерада қызмет бабы бойынша көтеру кезіндегі дискриминация (әйелдердің қызмет бабы бойынша өсуіне шектеу қою) деп атап көрсетсе болады.
Әйелдердің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғалуы Жангелдин аудандық сотының тұрақты негіздегі бақылауында. Гендерлік саясатқа қатысты сұрақтар «дөңгелек үстелдерде», семинар сабақтарда және жедел кеңестерде талқыланып отырады.
Сонымен қатар, отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды және басқа да санатты істерді қарау барысында, сот әйелдердің мүддесін қорғап Қазақстан Республикасымен 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялаған Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының нормаларын басшылыққа алады. Жоғарыдағы конвенцияның нормаларын қолдана отырып 2017 жылы 11 іс қаралса, 2018 жылы 19 іс қаралды.
Қорыта келе, әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының: «Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға келеді.
Дәурен Ғабдырақ,
Жангелдин аудандық сотының аға сот приставы