Выбираем безопасные строительные материалы

Фото: zakon.kz

Выбираем безопасные строительные материалы

 

 К выбору строительных и отделочных материалов стоит относиться ответственно. Мы выбираем стройматериалы исходя из массы параметров: их свойств, цены, внешнего вида, доступности и производителя, часто, однако, забывая про экологическую безопасность. А ведь строительные и отделочные материалы могут быть главным внутренним источником вредных веществ в воздухе помещения. Затеяв ремонт жилища, необходимо уделить внимание не только практическим и декоративным свойствам строительных материалов, но и их безопасности.

Недорогие отделочные материалы, выделяющие токсичные вещества, не рекомендуются для использования в жилых помещениях. Они могут стать причинной головной боли, тошноты, различных видов аллергических реакций, а также значительного ухудшения общего состояния здоровья.

Критериям безопасности в первую очередь соответствуют природные материалы - камень и, естественно, дерево. К тому же они способствуют созданию благоприятного микроклимата, так как обладают способностью поддерживать оптимальную влажность и температуру.

 Однако, наряду с преимуществами, природные материалы имеют и недостатки. Например, дерево обладает низкой пожаростойкостью, а камень характеризуется большим весом, что делает его неподходящим материалом для строительства многоэтажных зданий. Зачастую оптимальный выбор - это искусственные материалы, созданные на основе природных, такие как: кирпич, стекло, бетон.

 Многие производители выполняют требования ГОСТов и других обязательных требований законодательства, но некоторые идут дальше — стараются сделать свой продукт менее вредным для человека и соответствующим требованиям экологических стандартов.

 Экологическая маркировка должна соответствовать требованиям международного стандарта ISO 14024, который говорит о принципах маркировки первого типа. Это тип маркировок, которые выдаются только после независимой проверки, а не после самовольного декларирования производителем безопасности его товаров.

Отличить безопасный для здоровья материал от небезопасного можно следующим образом. Проверяйте сертификаты соответствия, паспорта или сертификаты качества. Материал не должен обладать выраженным специфическим запахом. Если продукция имеет стойкий «химический» запах, лучше отказаться от ее покупки. Во-первых, есть большая вероятность, что она выделят токсичные вещества. Во-вторых, неприятный запах негативно отразиться на комфорте жилища.

На территории Республики Казахстан требования к безопасности строительных материалов устанавливает Технический регламент «Требования к безопасности зданий и сооружений, строительных материалов и изделий».

 Рассмотрим покрытия для пола. Паркет - экологичное, прочное покрытие, но очень важно выбрать безопасный лак. Можно стелить в любой комнате, в том числе и детской. Пробковое покрытие - долговечно, гипоаллергенно и экологично. Может применяться для отделки пола в детских и спальных комнатах. Ковролин - экологичное и безопасное покрытие. Однако, если в семье кто-нибудь страдает аллергическими заболеваниями, его следует использовать с осторожностью: в волокнах ковролина могут поселиться клещи. Керамическая плитка - надёжное, экологически безопасное покрытие, однако используется только на кухне или в ванной комнате. Вредные соединения может выделять ламинат и, в большей степени, линолеум, поэтому эти половые покрытия желательно использовать только в санузле или прихожей.

 Что же касается стен, то здесь идеально соответствуют всем требованиям растительные обои. Так, при изготовлении бумажных обоев не применяются вредные для здоровья средства. К тому же, такие обои сравнительно не дорогие, могут использоваться в любой жилой комнате, кроме ванны и кухни, а также имеют широкий выбор дизайна.

 Кроме перечисленных выше материалов, для стен и полов также может подойти и пробковое покрытие, которое также максимально натуральное, но, в отличие от дерева, не поддается гниению и нападениям жуков-короедов и прочих насекомых. К тому же, пробковые покрытие решает проблему и с токсичностью веществ при возможном горении: если дерево их выделяет, то пробка не горит и, как следствие, ничего подобного не образует.

 Что же касается утеплителя, то лучше всего использовать стекловату, базальтовый утеплитель или эковату. Эти материалы имеют несколько разные эксплуатационные качества, но все являются безопасными. А для строительства экологически чистого дома, кроме дерева, можно использовать и ячеистый бетон.

 А вот сомневаться в натуральности и безопасности такого природного материала, как камень, и вовсе не стоит. Так, он может одинаково хорошо использоваться как в отделке стен, так и полов.

 Надеемся, что требования к безопасности и желание заботиться о своем здоровье выйдут на первый план, и больше человечество не будет страдать от строительных материалов, которые должны приносить только радость и уют.

Более подробную информацию, Вы можете получить Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по г.Алматы.

Наш адрес: г.Алматы, ул.Жандосова, 2, 3 этаж. Телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

 

Государственный инспектор города Алматы по государственному контролю Кызгарин Куралбек Балтабекович

 

  

 

Қауіпсіз құрылыс материалдарын таңдаймыз

 

Құрылыс және әрлеу материалдарын таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек. Біз құрылыс материалдарының көрсеткіштеріне сүйене отырып, экологиялық қауіпсіздікті ұмытпай, олардың қасиеттері, бағасы, сыртқы түрі, қол жетімділігі және өндірушісіне қарап таңдаймыз. Ал, құрылыс және әрлеу материалдары үй-жайдың ауасындағы зиянды заттардың басты ішкі көзі болуы мүмкін. Тұрғын үйді жөндеуден өткізу кезінде, құрылыс материалдарының көп маңызды және сәндік қасиеттеріне ғана емес, олардың қауіпсіздігіне де көңіл бөлу қажет.

Улы заттарды бөлетін, қымбат емес әрлеу материалдарын тұрғын үй-жайларда пайдалану үшін ұсынылмайды. Олар бас ауруы, жүрек айнуы, аллергиялық реакциялардың әртүрлі түрлері, сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайының айтарлықтай нашарлауына себепші болуы мүмкін.

Бірінші кезекте қауіпсіздік критерийлеріне табиғи материалдар - тас және табиғи ағаш сәйкес келеді. Сонымен қатар, олар қолайлы микроклимат құруға ықпал етеді, өйткені оңтайлы ылғалдылық пен температураны ұстап тұруға қабілетті.

Алайда, табиғи материалдардың артықшылықтармен қатар кемшіліктері де бар. Мысалы, ағаштың өртке төзімділігі төмен, ал тас үлкен салмақпен сипатталады, бұл көп қабатты ғимараттар салу үшін жарамсыз материал. Көбінесе оңтайлы таңдау - бұл кірпіш, шыны, бетон сияқты табиғи негізде жасалған жасанды материалдар.

Көптеген өндірушілер МЕМСТ және басқа да міндетті заңнама талаптарын орындайды, бірақ кейбіреулері одан әрі өнімін адам үшін зиянды емес және экологиялық стандарттар талаптарына сәйкес жасауға тырысады.

Осы экологиялық таңбалау ISO 14024 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс, ол бірінші типті таңбалау принциптері туралы айтады. Бұл өндірушінің өз бетінше мәлімдеуінен кейін емес, тәуелсіз тексеруден кейін ғана берілетін таңбалаудың түрі.

Денсаулыққа қауіпсіз материалдарды, қауіпті материалдардан келесідей ажыратуға болады. Бірінші кезекте, сәйкестік сертификаттарын, құжаттарды немесе сапа сертификаттарын тексеріңіз. Материалдарда айқын ерекше иісі болмауы керек. Егер өнімнің тұрақты химиялық иісі болса, оны сатып алудан бас тартқан дұрыс. Біріншіден, ол улы заттарды бөлуі мүмкін. Екіншіден, жағымсыз иіс тұрғын үйдің жайлылығына теріс әсер етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті белгілейді.

Еден жабу үшін жабындарды қарастырайық. Паркет - экологиялық таза, берік жабын, бірақ оған қауіпсіз лак таңдау өте маңызды. Кез келген бөлмеде, соның ішінде балалар бөлмесінде төсеуге болады. Тығын ағаш - ұзақ мерзімге шыдамды, гипоаллергенді және экологиялық таза. Балалар мен ұйықтайтын бөлмелерде еденді әрлеу үшін қолданылуы мүмкін. Коврлин - экологиялық таза және қауіпсіз жабын. Алайда, егер отбасында аллергиялық аурулармен ауыратын біреу болса, оны сақтықпен пайдалану керек, өйткені ковролин талшықтарында кенелер қоныстануы мүмкін. Керамикалық плитка - сенімді, экологиялық қауіпсіз жабын, бірақ тек ас үйде немесе жуынатын бөлмеде қолданылады. Зиянды қосылыстарды ламинат, және көп жағдайда линолеум бөлуі мүмкін, сондықтан бұл едендік жабындарды тек санитарлық торап немесе кіреберісте ғана қолданған жөн.

Қабырғаға келетін болсақ, мұнда өсімдік тұсқағаздары барлық талаптарға сай келеді. Мәселен, қағаз тұсқағаздарды дайындау кезінде денсаулыққа зиянды заттар қолданылмайды. Сонымен қатар, мұндай тұсқағаздар арзан, ванна мен асүйден басқа кез келген тұрғын бөлмеде пайдалануға болады, сондай-ақ дизайнның кең таңдауы бар.

Жоғарыда аталған материалдардан басқа, қабырғалар мен едендер үшін, сондай-ақ барынша табиғи, бірақ ағашқа қарағанда, шірімейтін және кеміргіш жәндіктер мен басқа да жәндіктердің шабуылына ұшырамайтын тығынды ағаш жабын да болуы мүмкін. Сонымен қатар, тығын ағаш жабыны отқа төзімді және жану кезінде бөлінетін заттардың уыттылығы мәселені шешеді, өйткені егер ағаш жанған кезде оларды бөлетін болса, тығын ағашы жанбайды және осының салдарынан ештеңе пайда болмайды.

Жылу оқшаулағыш материалдарға келсек, шыны мақта, базальтты жылу оқшаулағыш немесе экомақта қолданған жөн. Бұл материалдар бірнеше түрлі мақсатта пайданылады, және барлығы қауіпсіз. Тағы сондай, экологиялық таза үй салу үшін, ағаштан басқа, кеуекті бетонды да пайдалануға болады.

Сондай-ақ тас сияқты табиғи материалдың табиғатына және қауіпсіздігіне күмән келтірудің қажеті жоқ. Сонымен, ол қабырғаларды және едендерді әрлеуде бірдей жақсы қолданылуы мүмкін.

Қауіпсіздік талаптары мен өз денсаулығына қамқорлық жасау ниеті бірінші жоспарға шығады деп үміттенеміз, және адамзат тек қуаныш пен жайлылық әкелуі тиіс құрылыс материалдарынан зардап шекпейді деп сенеміз.

Толық ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Саула және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй. 3 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Электрондық адрес: Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

 

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қызғарин Құралбек Балтабекұлы

 

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пособие по 70 тыс. тенге за каждого ребенка: какое решение приняли в Минтруда

Петросян раскрыл смысл брака с Брухуновой

"Уят": подписчики пристыдили родителей Кайрата Нуртаса за видео

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

Важное заявление сделал Нацбанк Казахстана