Сот шешімдерін азаматтарға түсіндіру қаншалықты пайдалы

Фото: zakon.kz

Сот шешімдерін азаматтарға түсіндіру қаншалықты пайдалы

 

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап Республика бойынша пилоттық жоба басталған, осы пилоттық жоба бойынша судьялар өзінің шығарған сот шешімін үкімін, қаулысын жариялаған кезде азаматтарға оны бірден түсіндіре бастады.

Осы пилоттық жоба бойынша қортынды жасаған кезде шешім бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілудің арқасында сол істердің ішінде шағым түсу пайызының азайғаны анықталған.

Осыған байланысты, Сот шешімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысыны 7-тармақ, төртінші абзацпен толықтырылып, онда, «Жарияланғаннан кейін судья қабылданған шешімнің мәнін, уәждері мен құқықтық салдарларын ауызша түсіндіреді, ол туралы сот отырысының хаттамасында белгі жасалады» деп жаңа редакцияда - (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); көрсеткен.

Сонымен, Республикамызда 01 қыркүйек 2018 жылдан бастап шығарылған әр бір сот шешімі тараптарға кәсиби және қарапайым халыққа жеткілікті түрде түсіндіріліп келе жатыр.

Сот шешімі ресми құжат, оның заңмен көзделген құрылымы бар. Сот шешімі туралы жоғары соттың нормативтік қаулыларының нормалары туралы оған сәйкес шешімді жариялағаннан кейін судья қабылдаған шешімді мәнін, дәлелін және құқықтың салдарын түсіндіреді.

Сот шешімін түсіндіру халқымыздың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған және жеңіліп қалған тарапқа психологиялық жәрдем көрсету десекте болады. Себебі, барлық тараптар бойынша заңгерлер, адвокаттар қатыса бермейді. Қарапайым халық, заңды білмеген соң, өзінікін дұрыс деп сот шешімімен келіспей, кейбір жағдайларды мүлдем түсінбей, сотқа деген ренішпен кетіп жатады.Осындай келеңсіздік тудырмау үшін, сот қабылдаған шешімнің мәнін, мағынасын, салдарын, заңды күшін, орындау міндеттілігін, әр істің санаттылығына байланысты нақты түсіндіру қажет.

Мысал ретінде, еңбек дауы бойынша, әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында шет аудандардан жұмыс іздеп келіп, жұмыс берушімен шартқа отырмай, бірнеше ай жұмыс жасайды. Аяғында айлықтарын толық ала алмай сотқа жүгінеді. Сот келісім шарт түзілмегендіктен, айлық табысының мөлшерін нақты анықталмауына байланысты, мұндай тараптардың талап арыздарын қанағаттандырусыз қалдырып жатады. Осындай жағдайда, сот шешімін түсіндірген кезде «Ең бірінші дауыстың ырғағын келтіріп, жеңіліп қалған тараптың жағдайын түсінетіндігіңізді сездіруіңіз керек. Барынша қарапайым сөзбен; «Жазба келісім шарт түзілмеген, оны заң талап етеді, сондықтан сот сіздің пайдаңызға шешім шығара алмады. Сіздің жағдайыңызды түсініп, дәлел келтіруге сізге уақыт, мүмкіндік бердік. Жауапкерді өз еркімен берілмеген айлық табысты, өзара түсінушілік танытып, бітім келісім жасауға тарттық, бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Өз тарапыңыздан дәлел табылмады. Сот шешім қабылдағанда тек қана заңға бағынады, алдағы уақытқа мұндай қадамға бармаңыз, өзіңіздің еңбегіңіздің бағаламауға, ақысыз қалдыруға жол бермеу үшін, келісім шарт түземей жұмысқа түспеңіз» - деп түсіндірілу қажет. Сонда жеңіліп қалған тарап, бұл жерде сот емес өзінің кінәлі екендігін түсініп, кей жағдайларда «Рахмет» айтып, алдағы уақытқа шарттсыз жұмысқа түспейдіндігін, түсінгенін білдіріп жатады.

 Демек сот шешімі бойынша жеңіліп қалған тараптың өзі түсінгеннен соң ешқандай қарсылық қабылдамайды сот шешімімен келіседі.

Сонымен қатар сот шешімін түсіндірген кезде, тараптарға сұрақ қоюға мүмкіндік беру керек. Әсіресе жеңіліп қалған тараптың көкейінде қалған сенімсіздікті ыдырату керек, жауабы жоқ сұрақ қалмау керек. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысатын тұлғаның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін, іскерлік беделін кемітетін әрекеттерге тыйым салынады. Сондықтан, шешімді түсіндіру барысында, азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейтіндігін ескеріп, екінші жақтың да наразылығын тудырмайтындай, тараптармен айтысқа түспей, әр сөздің нүктесін, тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, бір ырғақта, тараптардың өзін жеңіл сезінетін жағдай жасай отырып түсіндіру, үлкен жетістік.

 Әрбір істі кәсиби түрде түсіндірсек, онда шағым түсетін істердің саны анағұрлым азаяды, шағым, азаматтырдың сотқа деген сенімсіздігі азаяды. Дәл сондай талаппен қайтадан сотқа жүгіну, сот шешімін орындамау фактілері азаяды.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

 Алматы аудандық сотының судьясы Б.Д.Бияхметова

 

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пособие по 70 тыс. тенге за каждого ребенка: какое решение приняли в Минтруда

Петросян раскрыл смысл брака с Брухуновой

"Уят": подписчики пристыдили родителей Кайрата Нуртаса за видео

Важное заявление сделал Нацбанк Казахстана

Названа дата начала зимних каникул в школах Казахстана: сколько они продлятся