Алматыда Индустриалды сертификат беруді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді
2019 жылғы 22 қазанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Индустриалды сертификат беруді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Аталған дөңгелек үстел Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалының, Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беру жөніндегі сараптама ұйымдарының өкілдері қатысты.
Аталған дөңгелек үстел Индустриалды сертификат беру мәселелерін түсіндіруге бағытталған.
Индустриалды сертификат ол отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімінде өтініш берушінің бар екенін растайтын құжат.
Индустриалды сертификат отандық тауарлар мен қызметтердің толыққанды өндірушісі екендігін куәландыратын өндірістің өзіндік паспорты болып табылады.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға қатысушыларды Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысымен бекітілген басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша Өңірлік Жобалық офис (бұдан әрі-ӨЖО) құрылғандығы туралы хабардар етті.
Аталған ӨЖО құрамына Департамент өкілдері кірді,олардың міндетіне «қарапайым заттар экономикасы» саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді, ӨЖО алаңында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы өтініштерді (шағымдарды) қабылдау туралы, сондай-ақ бұзушылықтармен берілген сәйкестік сертификаттары туралы ақпараттандыру кіреді.
Дөңгелек үстел барысында ашық диалог және жемісті пікір алмасу орын алды.
В Алматы проведен круглый стол по разъяснению выдачи Индустриального сертификата
22 октября 2019 года Департаментом Комитета технического регулирования и метрологии по г.Алматы проведен круглый стол по разъяснению выдачи Индустриального сертификата.
Данный круглый стол состоялся на площадке Палаты предпринимателей города Алматы.
В работе круглого стола приняли участие представители Филиала РГП «КазИнСт» по г.Алматы, Палаты предпринимателей города Алматы, Органы по подтверждению соответствия и экспертные организации по выдаче актов экспертиз о происхождения товара.
Данный круглый стол нацелен на разъяснение вопросов по выдаче Индустриального сертификата.
Индустриальный сертификат это документ, подтверждающий наличие заявителя в Реестре отечественных производителей товаров, работ, услуг.
Индустриальный сертификат является своеобразным паспортом производства, удостоверяющий в том, что обладатель сертификата является полноценным производителем отечественных товаров и услуг.
Кроме того, участников данного мероприятия проинформировали о создании при Палате Предпринимателей г. Алматы Регионального Проектного офиса (далее-РПО) по мониторингу реализации Программы льготного кредитования приоритетных проектов, утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года №820.
В состав данного РПО вошли представители Департамента, в задачу которых входит информирование предпринимателей, работающих в сфере отраслей «экономики простых вещей», о приеме заявлений (жалоб) на площадке РПО о продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, а также сертификатах соответствия, выданных с нарушениями.
В ходе круглого стола состоялся открытый диалог и продуктивный обмен мнениями.