Ағылшын тілі – ғылым тілі

Ағылшын тілі - ғылым тілі

 

Кузембаев Роман,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университеті, жаратылыстану

факультеті, биология кафедрасының

аға оқытушысы

 

 

Бұл мақалада ағылшын тілінің ғылым тілі ретінде төрден орын алуының бұлтартпас артықшылықтары жан-жақты баяндалады. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мамандарды тек ағылшын тілінде дайындайтыны және ғылыми журналдардың басылымдары тек ағылщын тілінде жүргізілетіндігін айта келе жастардың тіл үйренуге аса мән беруіне серпіліс береді.

Қазіргі таңда ағылшын тілі сөзсіз ғылым тілі ретінде қолданыста. Жалпыға бірдей әмбебап ғылым тілін қабылдау ғылыми қарым-қатынасқа керемет әсер етті:Енді бүкіл әлемнің ғалымдары бір тілді үйрену арқылы ауқымды ғылыми әдебиеттерге қол жеткізуге және әлемнің кез-келген жеріндегі басқа ғалымдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алып отыр.

Алайда, ағылшын тілі әуелде ғылым мен зерттеудегі ең көп таралған тіл болған жоқ. Египет фиолософтары мен жұлдызшылары тарихтарын иероглифтармен жеткізген. Аристотель мен Платон еңбектерін грек тілінде жазып, кейін олардың жолын қүғандар олардың еңбектерін араб тіоіне аударған. Ғасырлар өте келе тіл дамыды ғалымдар мен зерттеушілер өз еңбектерін ана тілінде және латын тілінде жариялай бастады. VI-VII ғасырларда Галилей еңбектерін италия тілінде жазып,әлемдік деңгейге щығу үшін еңбектерін латын тіліне аударған. Бұл сол кездегі латын тілінің дәуірлеп тұрған кезінің куәсі. Шамамен осыдан 100 жыл бұрын, XX ғасырдың басында ғылымда неміс тілі шын мәнінде басымдық көрсеткен болатын.

Халықаралық радио қоғамдастығының мәліметінше бірінші дүниежүзілік соғыс барысында ағылшындар мен француздардың неміс ғалымдары мен зерттеушілеріне жариялаған «бойкот» салдарынан неміс тілі өз басымдығынан айрыла бастады. Сол кезде әлемдік қоғамда антигерманиялық көзқарас қалыптасып, соның салдарынан неміс тілді қоғамды ғылым қоғамдастығынан ысырып тастады. Ең маңыздысы неміс тілін қажетсінбейтін ғалымдардың жаңа толқыны пайда болды. Осы кезден бастап әлемдік ғылымда ағылшын және француз тілдері басымдық ала бастады.

Америка Құрама Штаттарының тікелей ғылымға әсерінің өсуіне байланысты, ағылшын тілі күшейіп, француз тілін де ығыстырды. Сөйтіп ағылшын тілі әлемдік ғылым қоғамдастығының қолданыстағы тілі болып қалыптасты. Ағылшын тілінің ғылым мен техникада басым тіл болып қалуының тағы бір себебі - ол Британия колониясы болып табылады.

1920 жылы әлемдік жер массасының төрттен бір бөлігі және әлем халқының бестен бір бөлігі Британия империясының қол астында болды. Ағылшын тілінің әлемде ең кең таралған тілге айналуының бірден бір себебі де осы Британия колониясы. Ендеше ағылшын тілінің ғылымда басым тіл болуына таңданудың қажеті жоқ.

 Іс жүзінде кез келген ірі ғылыми журнал ағылшын тілінде басылады. Бұл кездейсоқтық емес,алайда ғылым кең таралған және бірлескен сала «лингва франканың» бір бөлігі болғандықтан, соны ұстанады. Басқа салалар секілді ағылшын тілі-ғылым тілі болып таңдалды және ғылым тілі болып қала бермек. Ағылшын тілі -ғылым тілі болып қалудағы тағы да кейбір бұлтартпас артықшылықтары бар.Алдымен ол кең таралған және жан-жақты зерттелген. Ол бизнесте,медицинада және тағы басқа салаларда қолданыста, ендеше неге ғылым саласында қолданбасқа? Ғылым саласында бір ғана тілдің «ресми» болып қалуы да процессті жеделдетеді. Бір қарағанда бұл өте инклюзивті, ағылшын тілінен белгілі бір деңгейіңіз болса, халықаралық конференцияларға қатыса аласыз. Әлемдегі ең танымал әлемдік университеттер мен институттар ағылшын тілінде сабақ береді. Бұл Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Массачусетс, Йель университеттері және т.б. Оларды оқып, жақсы білімді алғысы келген адам ағылшын тілін білмей-ақ мұны істей алмайды. Оларға біраз назар аударайық. Мысалы, Оксфорд университеті әлемдегі ең көне ағылшын тілі университеті және Ұлыбританияда бірінші болып табылады. Кембридж, 1209 жылы құрылған.

Гарвард университеті Кембриджде орналасқан. Алайда, бұл Ұлыбританиядағы Кембридж қаласы емес. Бұл қала Американың Бостон қаласында орналасқан және Массачусетс штатында орналасқан. Гарвард - Америкадағы ең ескі университет. Ол ағылшын миссионері Джон Гарвардтың есімімен аталды. 1638 жылы қайтыс болғаннан кейін ол 400 кітапты жаңа колледжге тапсырды. Осыған байланысты 1639 жылы бұл оқу орны Гарвард деп аталды. Гарвард университетін АҚШ-тың 8 президенті бітірген. Мұндай университеттің түлектерінің бірі болу үшін, жастарымызға,болашақ ғалымдарымызға білімі мен талабының болуы және әрине,ағылшын тілін білуі қажет.Көріп отырғанымыздай, әлемдегі ең ірі университеттер мен институттар ағылшын тілі негізгі тіл болып табылатын елдерде орналасқан. Бұл барлық алдыңғы қатарлы ғылымның осы тілмен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Осы тілде айтылған, жазылған, ойлап табылған және жүзеге асырылған.Бүгінгі күні әлем халқының 15 пайызы ағылшын тілінде сөйлесе, соның тек 5 пайызы ғана тіл тасымалдаушы, яғни ағылшын тілі осы «бес пайыздың» ғана ана тілі болып табылады.Осы теңсіздіктің өзі ағылшын тілінің әлемде мойындалғандығын және ағылшын тілі ана тілі болып есептелмейтін ғалымдардың қиындықтарын шешу маңызды болып табылатындығын аңғартады. Өздерінің қолжазбаларын жазу, ауызша презентациялар жасау немесе ғалымдармен тікелей қарым-қатынас жасау ағылшынтілді емес ғалымдарға өздерінің ағылшынтілді әріптестеріне қарағанда, қиындықтар туындатуда.Ана тілінде әдемі иірімдерді жазып келтіру оңай болса, оны ағылшын тілінде жеткізу қиын немесе жеткізу мүмкін емес. Оның үстіне рецензия берушілер олардың ағылшын тілін сынға алады. Осының салдарынан қолжазбалар баспаға қабылданбай қалады. Сондықтан да ағылшынтілді ғалымдар ана тілі ағылшын емес әріптес ғалымдарға рецезия беруде түсіністік пен шыдамдылық танытып, оларға үлкен сенім арта отырып, еңбектерін жариялауға мүмкіндік беру керек. Осыған орай өз еңбектерін ағылшын тілінде жазған ғалымдардан (ағылшынтілді емес)қолжазба жаудың барлық заңдылықтарын сақтау талап етіледі. Ғылыми қарым қатынаста «негізгі тіл» жетіспеушілігі басында түсініксіздік тудыруы мүмкін, алайда кейін адамдар ағылшын тілінде қалай сөйлейді деп ойланып талдаған кезде,мәселенің қайдан туындап тұрғанын көре бастайсыз. Біріншіден әркім өз ойын өз тілінде әртүрлі жолмен жеткізеді,ол ешкімге қиындық туғызбайды. Ал енді екінші тіл білсеңіз, сол тілде күрделі сөйлем немесе техникалық тілде жазу үшін,ойланасыз,оңай емес екендігіне көзіңіз жетеді. Бұл ағылшынтілді емес ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулерін ағылшын тілінде жазғанда қосымша уақыт қажет ететіндігін аңғартады. Өз ойыңды ағылшын тілінде дәл жеткізу үшін энергия да қажет. Керісінше, ағылшын тілінен кейбір зерттеушілер ешқандай қиындық көрмейді. Мысалы Ресейде зерттеуге қатысқан ресейлік ғалымдардың саны - 30 магистрант пен ғылым кандидаты - орыс тілінен гөрі ағылшын тілін білу оңайырақ екенін айтқан Біріншіден, олар ғылыми әдебиеттерді тек ағылшын тілінде оқығандықтан, олар тек ағылшынша терминологиямен таныс. Кейде ресейлік журналда мақала жазу керек болса, орыс тілінде дұрыс сөз табу қиын болады. Екіншіден, ағылшын тілінде салыстырмалы қарапайым грамматика бар, сондықтан ғылыми мақалаларды жазу үшін ғылыми стильдің сөздік қорын білу жеткілікті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деген болатын. Осыған орай үкіметіміз елбасымыздың бастамасымен «Үштұғырлы тіл саясаты» мемлекеттік бағдарламасын енгізді Сонымен, ағылшын тілінің осы үш тілдің қатарына кіру себебін талай зерттеулерден байқауға болады. Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты еліміздің өркендеуіне әсер етіп, дамыған елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысты бір қадам жақындата түседі. Үштілділіктің заман талабына айналу себептері неде?. Бұл сұрақ көпшілігімізді мазалайтыны белгілі. Шын мәнінде бұл саясаттың заман талабына айналуының басты себебі ғылыми технологияның даму қарқыны. Себебі қазіргі заманда барлық ғылым мен технология тілі, бағдарламалары ағылшын тілінде жазылған. Жаңа технологияны меңгеріп, жаңа заманға сіңісу үшін тіл білу керек. Тек ағылшын тілін ғана емес бірнеше тілді меңгеру технология саласы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда ғаламторсыз күнді тіпті елестете алатындар жоқтың қасы. Сонымен қатар шет елдермен әртүрлі типтегі қарым-қатынас өте маңызды болып саналады, ал дамыған елдер қатарына кіру үшін ел экономикасын жоғары деңгейге жеткізе білу қажет. Сондай-ақ шет елдермен тәжірибе алмасу, білім саласында үлкен рөл атқарады, сол себепті де тіл білу қажет деген сияқты пікірлер білдіру арқылы респонденттер үштұғырлы тіл саясатының заман талабына айналу себептерін көрсетіп өтті. Үштұғырлы тіл саясатының басым жақтарына Қазақстан Республикасының шет елдермен дипломатиялық, достық және саяси қарым-қатынас орнатуын жатқызуға болады. Осындай қарым-қатынас кезінде жүргізілген келіссөздердің қай тілде жазылғанына байланысты мәселелер туындамайды. Сонымен қатар, бұл саясат білім жүйесінде де, шет елдермен тәжірибе алмасуға және ел тұрғындарына бірнеше тіл білу арқылы өз интеллектін жоғарылатуға мүмкіндік береді. XXI ғасыр - технология ғасырында болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы да үштілділіктік басым жағы. Тек бұл емес, ел қамын ойлар болашақ ұрпақтың ақылды, бірнеше тілді еркін меңгерген және интеллекті жоғары болуының да кепілі болып табылады. Жұмысқа тұрар кезде немесе жоғары оқу орнына оқуға түсер кезде тіл білімі жайлы талаптар қойылатыны барлығына мәлім. Сол себепті үштілділік саясаты үштілді білетін азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепіл бола алады.Үш тұғырлы тіл саясатын басшылыққа ала отырып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұжымы 2017-2018 оқу жылынан бастап көптілділік оқыту модуліне көшірілді. Қазіргі таңда жаратылыстану ғылымдары үш тілде оқытылуда. Сонымен қатар профессорлық- оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында алыс және жақын шетелдерден білімдерін шыңдап келуде. Дамыған елдердің білім жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында университетімізде халықаралық қатынастар бөлімі ашылды. Осы бөлімнің тікелей араласуымен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен студенттеріміз Польша, Литва, Швецария және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарында білімдерін ағылшын тілінде шыңдап келді. Бұл үрдіс әлі жалғасын табуда. Университетіміздің алдында тұрған басты мақсат - ол шетелдік ғалымдарды шақырып,тағылымдамаларын тыңдап, Батыс өңіріндегі ірі ғылыми тәжірибе орталығын құру. Еліміздің әлемнің дамыған отыз мемлекеті қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру. Өйткені, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Следите за новостями zakon.kz в: