Сот жүйесіндегі кадр саясаты

 Сот жүйесіндегі кадр саясаты

 

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес пен кәсіпқой мемлекетті қалыптастыруға қабілетті кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсатру қоғамымызды дамытудың басым бағыттары ретінде қарастырылып, елімізде осы стратегиялық бағдарлама табанды түрде жүзеге асырылып келеді.

 Мемлекеттің ұзақ мерзімдік мақсатты бағдарламасы қабылданғаннан кейін іле шала әуелі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», сосын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының қабылданып, қолданысқа енгізілуі осының айғағы. Мұнан кейін Елбасының «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы» Жарлығы шығып, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік этикалық бейнесінің қалыпты нормасы бейнеленді. Бұл құқықтық нормалар одан әрі дамытылып, 2005 жылғы мамыр айында Елбасы жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Ар намыс кодексі қабылданды. Қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуы барысында қолданыстағы заңдар мен ережелерге ішінара өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі заңдылық. Тұтастай алғанда мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы адамгершілік және іскерлік қарым қатынастардың мемлекет белгілеген қалыпты нормаларының жалпыға бірдей әдет ғұрып дәстүрлерін орнықтырудағы маңызы зор болып отыр. Елімізде мемлекеттік билік құрылымдары дамып, құқықтық қатынастар жетіле түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттік қызметтің кадр саясатына айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл мәселе Елбасының биылғы Жолдауында да көрініс тапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайластық көріністеріне қарсы бағытталған іс шараларды орындау, сондай ақ мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды сақтаудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы 2005 жылғы 14 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, Жоғарғы Сот төрағасының тапсырмасымен облыстық және оған теңестірілген соттарда осы мәселелер бойынша кеңейтілген кеңестер өткізілді. Оған әзірлік және өткізу барысында бірқатар өзекті мәселелердің беті ашылды. Соттардың заң шығарушылық және сот төрелігін атқару барысында қолданыстағы заңдарға баға берушілік мүмкіндіктері пайдаланылмай отыр. Сот қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің кемшілікткрі салдарынан мемлекеттік органдарда сыбайластыққа жол беретін жағдайлардың бар екендігін де көрсетіп берді. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген даналық сөз бар. Кейде жекелеген өрескел әрекеттер мөп мөлдір тұнығыңды шайындыға айналдырып, таудай жетістігіңді тарыдай шашуға, қөлдей табысыңды шөлдей кептіріп, мысқылдап жиған абыройды шеңгелдеп төгуге жарайды. Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесі елеулі табыстарға қол жеткізді. Соттардың қоғам алдындағы беделі мен мәртебесі артты. Сот құқықтық реформасы дұрыс қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Солай бола тұрғанымен сот жүйесінің алға арындаған екпінін тұсаулап, тежейтін де жағдайлар бар. Ең сұмдығы қолына берілген билікті теріс мақсатқа пайдаланып, еліміздің тұтастай билік мәртебесіне нұқсан келтіретін кадрлардың арамызда әлі де болса кездесетіндігі. Соңғы кездері кейбір облыстардағы жекелеген судьялардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттері сот жүйесінде қол жеткен жетістіктерді аяқасты етіп, жұртшылық пен басқа билік органдары өкілдерінің сотқа сенімсіздікпен жасауына ілік болды. Судьялардың әлеуметтік және құқықтық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Сол себепті де қоғам судьялардан тиісінше қайтарым, тазалық, өз ісіне адалдық күтуге құқылы. Бізде өзін жағымсыз жақтарынан көрсетіп, жүйеге кір келтіргекн судьяларды тиісті тәртәпке салатын немесе ондайлардан мүлдем арылуға мүмкіндік беретін тетіктер жеткілікті.

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе маманы -

сот отырысының хатшысы

Г. Каратаева

 

Следите за новостями zakon.kz в: