Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 2019 жылғы 26 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

 Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 60-бабымен мемлекеттік саяси қызметшілердің өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікте болу шарттары айқындалған.

Аталған шарттарға сәйкес қала және аудан әкімдері өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзі жетекшілік ететін атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға шығуға өтініш білдіреді.

Бұл ретте, отставкаға шығуға өтініш беру үшін саяси қызметші тағайындалған күннен бастап қарамағындағы қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанға дейін үш ай өтуі керек. Отставкаға соттың айыптаушы үкімі заңды күшіне енген он күн ішінде немесе қылмыстық іздестіру органы немесе сот ақталмайтын себептер бойынша қылмыстық істі аяқтағаннан кейін тағайындау құқығы бар адамның атына беріледі.

Егер, сот шешімі күшіне енгенге дейін немесе қарамағындағы адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін саяси қызметші жұмыс орнын ауыстырған болса, онда ол отставкаға өтініш бермейді. Бұл орайда, егер,

экс-мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімін немесе қылмыстық істі тоқтату туралы тиісті акті күшіне енген болса, онда қылмыс жасалған кезінде сол адамның басшысы болған және сол лауазымда қызмет атқарып отырған саяси қызметші отставкаға өтініш береді.

Отставкаға шығу туралы өтініш жолданатын тағайындау құқығы бар адам мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) отставканы қабылдау;

2) отставкадан бас тарту; 3) тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, отставкадан бас тарту.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары,

орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікте болады (жауапкершіліктің туындау шарттары Заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген).

Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның

22-бабына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы көрсетілген.

 Қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілігі бойынша заңнама талаптарын орындау барысын мониторингілеу Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мелекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ауысу тәртібімен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуға жол берілмейді.

 

Қарағанды облысының

қылмыстық істер жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық

сотының аға сот приставы

Акимбек А.

Следите за новостями zakon.kz в: