Полицейлердің берген мәліметінше, аталмыш қылмыс түрі «Транзит» жедел- алдын алу шарасы аясында әшкереленген,- деп хабарлайды lada.kz.
Оқиға былай болған, Актау-Форт-Шевченко тас жолы бойында полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатады. Көліктің тізгінінде 28 жастағы Форт-Шевченко қаласының тұрғыны отырған.
Темір тұлпарды тінту кезінде, оның ішінен винчестер мен жалпы салмағы 1,0206 грамм тартатын наша табылған.
Қазір аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Фотосурет: www.gazeta.spb.ru