Қызметкерлердің айтуынша, Маңғыстау облысының ІІД есірткімен күрес бөлімі ағымдағы жылдың қаңтар айында А есімді тұрғынды қолға түсірген. Тексеріс барысында оның сөмкесінен 4 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысының ІІД сілтеме жасап.
Ал 1 ақпан күні жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері 9 ықшам ауданында Toyota RAV 4 көлігін тоқтатады. Полицейлердің айтуынша көлік жүргізушісі тексеріс барысында қатты қобалжыған.Осы уақытта қызметкерлер көліктің ішін иіс сезгіш итпен тінтіп шыққан. Нәтижесінде 6 келі 119 грамм марихуана табылған. Анық болғандай, ұсталған азамат есірткі заттарын сатып, пайда тапқысы келген, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінде.
Ұсталған жүргізуші қазір Ақтау қаласының уақытша қамау орталығына жеткізілді. Бүгінгі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК 294 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фотосурет: tvc.ru