Астанадағы «Британдық орам» кешеніндегі өрттен 23 адам шығарылды

Өртті сағат 10:16-да тоқтатты. Жоғары қабаттардан 23 адам сыртқа шығарылды

Бүгін Астанадағы «Британдық орам» тұрғын үй кешенінің электр қалқандарынан өрт шықты. Өрт кезінде жоғарғы қабаттардан 23 адам шығарылды. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, өрттің нақты себептері әлі анықталмаған, деп хабарлайды BNews.kz.

«10 ақпан күні сағат 09:49-да орталық өрт сөндіру бекетіне Ақбұлақ-2 шағын ауданындағы «Британдық орам» тұрғын үй кешенінде өрт болып жатыр деген хабарлама түсті. Оқиға орнына 3 минуттан кейін жеттік. Өрт сөндіру қызметкерлері келген кезде «Британдық орам» тұрғын үй кешенінде үшіншіден алтыншы қабатқа дейінгі кіреберістердегі 10 шаршы метр алаңда электр сымдары жанып жатты. Тұрғын үйдің ішін түтін басып кеткен.

«Қызметкерлеріміз өртті сағат 10:16-да тоқтатты. Жоғары қабаттардан 23 адам сыртқа шығарылды»,- дейді Астаналық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

BI Group баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрттің шығуына тұрғындардың бірі себепші болған. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қалалық электр желісінің маманы күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді. Өзге жарақаттанғандар жоқ.

Фото: old.bi-group.kz

Следите за новостями zakon.kz в: