Алаяқтың құрбаны болған жандардың бірі 31-жастағы азамат полицияға шағымданды, оның танысы жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мың теңге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz, Шымкент қаласының ІІД берген мәліметіне сүйеніп.
Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, 1986 жылы туылған облыс орталығының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Адамдардың сеніміне кірген алаяқ, түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да уәделер беріп, 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстанның тәртіп сақшылары танымайтын адаммен жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маңызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.
Фото: haqqin.az