Павлодар қаласында бүгін таңғы алтыға қарай жеке тұрғын үй секторынан өрт шығып, оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының қызметкерлері мәлім етті.
«Тілсіз жау сағат 7.30-да оқшауланды. Қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі таңда қайтыс болған жандардың жынысы, жасы мен аты-жөндері анықталуда. Оқиға орнында 27 өрт сөндіруші жұмыс істеп, арнайы техниканың 7 бірлігі жұмылдырылды», - дейді А. Құсайынова.
Фото:loveopium.ru