Шымкентте көлік өртенді. Республика даңғылында Hyundai Sonata автокөлігі толық жанып кеткен. «Скороход» аялдамасы жанында тұрған көлік кенеттен жана бастаған, деп хабарлайды otyrar.kz
Куәлер дереу полиция мен өрт сөндірушілерге хабар береді. Келеңсіз жағдайдың кесірінен көшеде көлік кептелісі пайда болды.
Дегенмен, оқиға орнына келген полицейлер бірнеше минуттың ішінде бөгеліп тұрған көліктерге жол сілтеп, жол қозғалысын ретке келтірді.
Көрсетілген мекенжайға 2 арнайы техника мен 8 өрт сөндіруші келді. Көліктің жүргізушісі екі қолын бірдей күйдіріп алған. Дегенмен, оқиға орнына келген жәдел жәрдем алғашқы көмек көрсеткен соң 44 жастағы азамат ауруханаға жатудан бас тартты.
Жүргізушінің айтуынша, ұшқын алдымен көліктің салонынан шығыпты. Ол өртті өзі сөндіруге кіріскенімен, одан нәтиже шықпаған. Көліктің іші толық жанып кетті. Енді өрттің неден шыққанын өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары тексеріп жатыр.
Фото:otyrar.kz