Павлодарда үш бала ыстан уланып қалды

Қазіргі таңда балғындар облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызылған.

Павлодар қаласында Достоевский көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан үйде пештің ақауы салдарынан үш балаға иіс тиіп қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хатшысы Айгерім Құсайынова хабарлады.

«Қазіргі таңда балғындар облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызылған. Зардап шеккен жеткіншектердің жасы үш, бес және жеті аралығында», - дейді А. Құсайынова.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: www.photoral.ru

Следите за новостями zakon.kz в: