Шымкентте жол апатынан зардап шеккен қыз ауыр халде жатыр

Гольфты Рэйнж Ровер көлігі келіп соққан. Жанынан тиген соққыдан шағын көлік аударылып кетіп, бағанаға соқтығысады.

Шымкентте болған жол апатынан аман қалған жүргізуші қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Фольцваген Гольф көлігінің рөлінде отырған қызды жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға тез жеткізген. Дәрігерлер қазір оның халі ауыр деп отыр. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Қайғылы жол апаты Шымкенттегі Ғани Іляев және Диваев көшелерінің қиылысында Гольф және Рэйнж Ровер көліктері соғысып қалды. Куәлердің айтуынша, Гольф көлігі Диваев көшесінен келіп, Ғани Іляев көшесіне қарай бұрылады. Оның ішінде жолаушы мен жүргізуші — 20-25 жастағы екі қыз болған.

Қиылыста Гольфты Рэйнж Ровер көлігі келіп соққан. Жанынан тиген соққыдан шағын көлік аударылып кетіп, бағанаға соқтығысады.

Соның салдарынан бір қыз оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екіншісін жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті. Ал Рэйнж Ровер көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған жоқ, ол ауруханаға барудан бас тартты. Қазір қайғылы жағдайдың толық себеп-салдарын полиция қызметкерлері анықтау үстінде.

Фото: otyrar.kz

Следите за новостями zakon.kz в: