Әл Фараби полиция бөлімінің алдында тойота көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншінің аяғын басып кетеді. Келеңсіз жағдай жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Куәлердің айтуынша, оқиғадан соң жүргізуші сол жерден кетіп қалмақ болыпты, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Ал Тойота жүргізушісі жарақат алған апаны көлігіме салып, ауруханаға апармақ болдым деп ақталады. Қалай болғанда да жүргізушіні жарақат алған апамен бірге өтіп бара жатқан екі кісі тоқтатып қойды.
Ал зейнеткер ауырсынғанына қарамастан оқиға орнында қалып, шақырылған жедел жәрдем көлігінің келуін күтті. Жол-көлік оқиғасы дәл алдарында болғандықтан, сол маңға полиция қызметкерлері де келді. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Фото:otyrar.kz