Ломов көшесі бойындағы бұрынғы «Эльдорадо» дүкенінің алдындағы жаяу жүргінші өтетін жолда "Митсубиси Паджеро" автокөлігі 1949 жылы туған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық ІІД-нің дерегіне сүйенсек, жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіледі. Егер де адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады.
Назым Қарабаева
Фото:pavlodarnews.kz