Облыстың және Теміртау қаласының криминалдық полициясымен жедел іздестіру және тергеу іс-шараларының барысында кісі өлтірді деген күдікпен, қаланың 57 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, құрықталды, деп хабарлайды zakon.kz, Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Ұсталған күдікті азамат, алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі келіспеушілік салдарынан 40 жастағы танысына дене жарақаттарын салып, қылмыстың «ізін суыту» мақсатында мүрдесін бөлшектеп, жасырып кеткенін мойындады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99 бабы 1 тармағы және 314 баптың 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Фото: mosaica.ru