Ақтауда 19 жастағы бойжеткен бес жасар баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Жол апаты салдарынан Маңғыстау-3 ауылының тұрғыны болып табылатын бес жасар бала бас жарақатымен облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді.

Ақтауда 19 жастағы бойжеткен бес жасар баланы көлікпен қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Полицияның мәліметтерінше, жол-көлік оқиғасы 27 наурыз күні сағат 17:30-дың шамасында Ақтау қаласындағы «Бәйтерек» сауда орталығының жанында орын алған. Kia Rio көлігінің жүргізушісі қозғалыс кезінде баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Жол апаты салдарынан Маңғыстау-3 ауылының тұрғыны болып табылатын бес жасар бала бас жарақатымен облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді.

Полицейлер жедел-іздеу шараларын ұйымдастырып, баланы қағып кеткен азаматшаны ізін суытпай анықтады. Ол Ақтаудағы «Самал» шағынауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Баланы қағып кеткен автомобиль айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: www.gorodnews.ru

Следите за новостями zakon.kz в: