Семейде 2 адам сең үстінен құтқарылды

Құтқарушылардың жедел қимылы арқасында екеуі де аман-есен үйлеріне оралды.

Кеше кешкісін Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөліміне 2 адамның сең үстінде қалқып бара жатқаны туралы шұғыл хабар түскен. Оқиға орнына тез арада жеткен құтқарушылар резеңке қайықпен Түйемойнақ аралынан өзенге түсті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Бұл уақытта екі жігіт сеңнен секіріп, шағын аралға шығып алған еді. Алайда жан-жағынан қатты ағын су жүріп жатқандықтан, жанұшыра жүгіре берген. Құтқарушылар дер кезінде оларға жетіп, аман-есен қауіпсіз жерге алып шықты. Олар 1995 және 1999 жылғы қала тұрғындары болып шықты.

Айтуынша, жағалауда тұрғанда мұз ойылып кетіп, сеңнің үстінде қалған. Құтқарушылардың жедел қимылы арқасында екеуі де аман-есен үйлеріне оралды. Бұл жұмысқа 5 адам жұмылдырылған.

Фото:24.kz


Следите за новостями zakon.kz в: