Көлік полициясы 16 қап ұн ұрлаған үш бозбаланы ұстады

Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Қарағанды-Сұрыптау станциясының Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысы Босаға стансасында «Атбасар ст. - Шымкент ст.» бағытындағы вагондарды жөнелту кезінде 16 қап ұн ұрлаған 1991, 1993 және 1994 жылы туған 3 жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа жүгініп.

Келтірілген залал мөлшері - 64 000 теңге.

Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото:mastertorg.com.ua

Следите за новостями zakon.kz в: