Әлемдегі жерінің үлкендігімен танымал 10 мемлекеттің санатына енетін Қазақстанды сырт мемлекеттердің көбі құрметтейді. 1993 жылдың 10 мамырында Гаагада қабылданған «балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенцияға қол қойылғаннан кейін, біздің Конституцияда мынадай тармақтар дүниеге келді. «Неке және отбасы» заңының 76-бабының 2-тармағында «Балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана, шетелдіктерге азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін». Осы бір «мүмкін» деген сөздің өзі үлкен қиыншылықтар тудырады. Кейін мұны халық қалаулылары атанған ат төбеліндей аз топ 2002 жылғы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқыға салды. Олардың «сәбилерді шетелдіктерге бергенше, ең жақын туыстарына беру керек» деген ұсынысын Қазақстан үкіметі қолдамай тастады. Сөйтіп,1999 жылдан бастап шет елден бала асырап алушылар елімізге лек-легімен келе бастады.
Шетелдіктер біздің балаларды не үшін сатып алады, оларға біздің сәбилердің қаншалықты пайдасы бар, соны барынша жіліктеп көрелік:
- біріншіден , батыс елдерінде баланы асырап алушының ата-анасы қаңғыбас, мейлі ішімдікке салынған маскүнем болса да кез-келген уақытта тастанды баланы асырап алуға құқысы бар.
- екіншіден , баланы асырап алушыға салық мемлекет тарапынан барынша жеңілдетілген.
- үшіншіден , «трансплантация» латын тілінен аударғанда бір адамның ағзаларын басқа бір адамға келісімі арқылы ауыстыру.
Осыған жарқын мысал ретінде Бразилиядағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін айтуға болады. Олар тұрмыс тапшылығынан қиындық көрген кедей-кепшіктердің бір бүйрегін 10 мың доллорға сатып алып, оны Оңтүстік Африка елдеріндегі сырқат байларға 120 мың доллорға сатып отырған.
Қырықтан астам жасырын ұйымның жұмысы қарқын алып тұр. Жыл сайын мың сан баланы көздерін жәутеңдетіп шекара асырады. Жасына сәйкес әр сәбиге тұрақты баға да қойылған. Мысалы, 6 айлық шақалақ – 12 500 доллар болса, 6 жастан асқандар арзандап, 5000 долларға ғана сатылады. Осындай «арзан жетімдер» біздің елде ғана бар. Соның нәтижесінде, қазір қазақстандық асыранды балалардың жеті мыңнан астамы шетел мектептерінде білім алатын көрінеді.
Бала сату әлемнің көптеген елдерінде болғанымен, біз сияқты жетімін кім-көрінгенге жетектетіп жібермейді. Мәселен, Германия мен Англияда баланы жалғыз басты адамдарға бермейтін қатаң заң бар. Латвия мен Литваның балаларын тек сол мемлекеттен қоныс аударған шетелдіктерге ғана асырап ала алады. Израиль мен Армения да баланы тек өз ұлтының өкілдеріне ғана береді.
Соңғы кездері Қазақстаннан кеткен 537 баланы жалғыз басты әйелдер мен еркектер асырап алған.Тағы бір келеңсіздікті айтсақ, біздің балаларды бір жыныстылар (гомосексуалистер) асырап алу қаупі төніп тұр.Осыған байланысты Сыртқы істер министірлігіне 1800-ге жуық өтініштер түскен. Өйткені, бұл АҚШ, Германия, Нидерланды елдерінде заңдастырылып қойылған. Өкінішке қарай, біз ана мен балаға жасалған қиянаттың ұлтқа жасалған қиянат екендігін есімізден шығарып алған секілдіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында«Мемлекеттің басты байлығы – адам » деп бадырайтып тұрып жазып қойыппыз. Ал шыны керек Шетел азаматтарының қазақ балаларын асырап алу жылдан көбейіп барады.Біз Қазақстан халқын 20 миллионға қалай жеткіземіз, егер де біздің қазақтың домалақ сәбилері шетелдерде қаңғып жүрсе!
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге асырап алуға
беру тәртібі:
26. Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.
Орталықтандырылған есепте тұрған балаларды шетелдіктердің асырап алуына беру оларды азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, орталықтандырылған есепке қойылған күннен бастап үш ай өткен соң жүзеге асырылады.
Шетелдіктерге асырап алуға берілген балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қойылуы тиіс.
27. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бала асырап алуға үміткер және белгіленген тәртіппен бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктер арқылы тіркелген шетелдіктер уәкілетті органға:
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) табыстары туралы анықтаманы;
3) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
4) паспорттардың көшірмелерін;
5) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
7) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін;
8) достарының немесе көршілерінің кемінде үш ұсыным хатын;
9) тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты;
10) бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ықтимал бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы арнайы берген анықтамасын;
11) бала асырап алуға құқығын растайтын қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты;
12) асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты;
13) мынадай:
асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;
18 жасқа толғанға дейін асырап алынған балада Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы және оның Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерiнде есепте болуы;
кездейсоқ жағдаяттар кезінде қамқоршыларды белгілеу туралы міндеттемелерді ұсынады.
28. Уәкілетті орган аккредиттелген агенттік арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге баланың құжаттарын танысу үшін жібереді.
29. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер баланың құжаттарымен танысу фактісі туралы жазбаша растауды және онымен одан әрі танысуға келісімді ұсынады.
30. Бала асырап алуға үміткер шетелдіктер Қазақстан Республикасына кіру визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келеді. Кіру визаларын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерi береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, визаларды беруге уәкілетті органның шақыруы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын азаматтар уәкілетті органнан келу мерзімдері туралы хабарлама алғаннан кейін Қазақстан Республикасына кіреді.
31. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, бала асырап алуға үміткер шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны және құжаттарын уәкілетті орган баланың болу жері бойынша тиісті органды одан әрі хабардар ету үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына белгіленген мерзімде жібереді.
32. Уәкілетті орган берген жолдамаға сәйкес баланың болу жері бойынша органға келгеннен кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйымға барады және:
1) баланы таңдайды, орган өкілінің және қажет болған жағдайда аудармашының қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, онымен кемінде төрт апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);
2) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес жазбаша нысанда растайды;
3) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;
4) бала асырап алу ресімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес жазбаша растайды.
33. Асырап алынатын баланың болу жері бойынша орган комиссияның қорытындысы негізінде баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, бала асырап алуға үміткер шетелдіктердің осы баламен жеке қарым-қатынас жасау фактісі туралы мәліметтерді көрсете отырып сотқа жібереді.
34. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің бала асырап алуы олардың өтініштері негізінде бала асырап алушылардың өздерінің, орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті қатысуымен баланың болу жері бойынша соттың шешімімен жүргізіледі.
35. Бала асырап алушылар бала асырап алушының жеке басын растайтын құжатты және заңды күшіне енген сот шешімін ұсына отырып, баланы оның болу жері бойынша жеке өзі алып кетуге міндетті.
36. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын азаматтарға, шетелдіктерге олардың құжаттары аккредиттелген агенттік арқылы қайтарылады.
37. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер бала асырап алушының және баланың тұрғылықты елінде орналасқан бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктер арқылы бала он сегіз жасқа толғанға дейiн оның тұрмыс жағдайы, білім алу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы есептерді уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш жылда әр алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет фотосуреттерiн қосып жiберiп отырады.
38. Кодекстің 86-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда есептерді ұсынудың кезеңділігі уәкілетті органның шешімі бойынша белгіленеді.
39. Бала асырап алушының және баланың тұрғылықты елінде орналасқан бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктер есептерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағындағы өз филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы ұсынады.
40. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын туыстарына және Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерi және уәкілетті орган жүзеге асырады.
41. Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы консулдық округ шегінде, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктің қызметкерлері шетелдіктердің асырап алуына берілген балаларға бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ кәмелет жасқа толғанға дейін баланың тұрмыс және тәрбиелену жағдайларына сәйкестігін тексеру мақсатында бала асырап алушыларға барады.
Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қою мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайды .
42. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктер асырап алынған балалардың өлімі, оларға қатыгездік көрсету, олардың бала асырап алушылар отбасында бейімделуінің мүмкін еместігі, бала асырап алудың күшін жою және (немесе) балаларды қайта орналастыру жағдайларының анықталу фактілері туралы уәкілетті органды және баланы асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша органды бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сондықтан біздің ұсынысымыз мынадай: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ 12 тарауына өзгертулер енгізу керек.
Біріншіден – бала асырап алам деген шетел азаматтарына қатаң талаптар қою.
Екіншіден – шетелде тұрып жатқан шетел азаматы деп танылатын тұлғалар Қазақстан Республикасында кемінде 15 жылдан астам өмір сүрген бірақ кейін шетел мемлекетіне қоныс аударған азаматтар болуы керек.
Үшіншіден – асырап алынатын балалардың жас шамасы 10 жас болуы керек, себебі асырап алынатын балалардан олардың пікірлерін сұрауға біз міндеттіміз.Олардың қай жақта тұрғысы келетінің? Қай ұлт болғысы келетінін? Асырап алам деген шетел азаматтарының болашақ балалары болғысы келе ме соныда сұрап, пікірлерін тыңдау керекпіз.
Төртіншіден – Қазақстан Республикасындағы балалар асырап алу агенттіктері мен жасырын ұйымдар санын азайту керек.
Бесіншіден – шетел азаматтарының толық отбасы болу керек,кемінде олар 10 жылдан артық бірге өмір сүрген.
Алтыншыдан – балаларымызды бір жынысты тұлғаларға асырап алуға рұқсат бермеу керек.
Жетіншіден – қазақ балаларын асырап алуға бергенім, олардың үстінен толық тексеру жүргізіп отыру керек.Ол дегеніміз жұма сайын баланың қал жағдайы дұрыс екендігіне көз жеткізетін онлайн видеомен сөйлесу және сұрақтар қойып отыру керек.
Сегізіншіден – шетел азаматтары асырап алған қазақ балаларын 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасына жылына бір рет тексеруге әкелу.
Сондықтан біз Қазақстан Республикасының халқының саны көбейсе десек қазақ балаларын шетел мемлекетінің азаматтарына асырап алуына шектеулер қою керек деп есептейміз!
Ерболова Ботакоз Торехановна
студент