Мен қазақ елінің заңнамасында не өзгертер едім, не үшін, және ол не береді?

Бакалавр

Бағы ашылмай жүрген жастарға салық салып, қалтасынан қаққанша, шаңырақ көтерген қазақтың әр отбасына бір-бір үйден таратып бермегенімен, тым құрыса той жасау үшін банктен пайызсыз несие беру мәселесін неге ешкім көтермейді? Әйтпесе, үйлене сала банк пен пәтер жағалап жүргендер халық санын қалай көбейтеді?-деген мәселе мені жай қалдырмады. Яғни бұл сұрақтың жауабы төмендегідей болмақ!

Егер, жаңадан неке құрған отбасыларға 1 пәтерлі үй берілсе, оның қаржысына немесе алғашқы жарна жайлы мәселеге тірелеміз. Жастар, сол тірелген мәселені шешу үшін жеке-меншік пәтерлерді жалдауға барады.Осы себептен, бір айлық қиындықтары ғана шешіледі.«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»арасында келісім шарт болса, бұл ұсынысты мемлекет тарапынан қолдаса 3,5млн пайыз үстеме арқылы несиені «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы несиеретінде 4% үстеме мен жастарға берсе,банк арқылы қайтарып ала алады.Енді, жас отбасы некеге тұру үшін АХАЖ бөліміне арыз беру керек.Сол берілген арызды куәләндіріп, АХАЖ бөлімінен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мекемесіне өтініш жазады. Себебі,бұл мекемеден үй алу үшін жастар алғашқы жарнасын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» арқылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мекемесіне ұзақ мерзімге келісім шартқа отыра алады. Болғалы отырған жас отбаларға алғашқы үйге төлеу 3.5 млн суммаға (үйдің шаршы метрі 50 кв.м =7млн болатын болса)несие беруі керек. Себебі,үйді несиеге алудың шарты бойынша 7млн сумманың жартысын (3.5 млн) бастапқы баға ретінде банкке салу керек.Бұл жерде сұрақ туындауы мүмкін, яғни несие алушы отбасы алынған қаражатты қалай қайтарады?

Несие алушы жас отбасы бір банк арқылы ғана тіркелуі керек. Мысалы: банк бөлімінен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі». Орталықтандырылған жүйе арқылы төлеуге әрекет ету. Банк арызды алған соң,олардың қалауы бойынша, 1 пәтерлі үйдің есебін жасайды. Міне, сол есеп кезінде, пайызсыз берілген несиеге алынған үй қанша жылға кепілге қоя отырып берілсе, соның үстемесіне кіргізілуі керек. Алғашқы жарна пайызы мен банк арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» ай сайын 4% несие сумманы 20 жыл көлемінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» қайта қайтарылады.

Жас отбасылардың банкке кіретін жолын қарастырайық

1 үй 50 кв.м=7млн «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (Астана қаласы бойынша нақты баға) 7млн:20 жылға=350.000 (отбасынан бір жылға кететін қаражат)

350.000:12айға=30000тг( отбасынан айына кететін қаражат )

7млн-ң 4% шығарамыз. 7млн х 4%: 100%=280.000 (бұл 7млн қаражаттың 1жылда төленетіні ). Енді, 280.000 х 20 жылға=560.000 (бұл бір адамнан 20 жыл да банкке берілетін процент)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» бойынша есептеу.

3.5млн қаржыны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры » берсе;

3.5млн: 20 жылға=175.000 (бір жылға)

175.000 х 4%: 100%=7000 (бұл 3.5млн-ң бір айлық проценті )

7000х20=140.000 ( бір отбасының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» қайтаратын қаржы мөлшері )

Нақты есеп пен емес: 15000 жас отбасы

Жастардың яғни шаңырақ құрған 15000 адамды жалпы Астана қаласы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» түсетін пайдасын есептедім.

Шаңырақ құрған адам 15000 х140.000=2млрд 100.000

Шаңырақ құрған адамды 20 жылда 15000 мың деп есептесек, 20 жыл да«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының» елімізге келтіретін пайдасы 2млрд 100.000 құрайды.

15000 Шаңырақ құратын адамға «Самұрық-Қазына» 3.500 000 берді. «Самұрық-Қазына» 20 жыл да 52млрд 500 мың шығарады.

2млрд 100.000+қосымша 4% үстеме проценті тағы бар. Бұл есеп 1адам бойынша есептелінді. Ал енді ойлаңыз, бұл сумманы 15000 адамға көбейткенде қанша есе көбейетінін.

Бұл заңнамамызға не өзгеріс келтіре алады және елімізге қандай пайда әкеледі?

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» қаражат түседі.

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына» түскен қаражат мемлекеттің қазынасына барады.

3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қаражаттан ұтылмайды, банктің қоры көбейеді.

4. Еліміздің келешегі жастар, өздерін тұрғын-үй баспана мен қамтамасыз ете алатын болады.

5. Демографиялық өсуге жол ашылады.

6. Еліміздегі азамттардың-азаматшалардың отбасын құруына көмек береді.

7. Бойдақтардың азаюына ықпалы тиеді.

8. Жастардың жағдайы көтеріледі (тұрақты баспана, тұрақты жұмыс болады)

9. Қылмыстың азаюына көмегін тигізеді, себебі баспананың жоқтығы, қаражаттың жетіспеуі қылмысқа итермелейді.

10. Үй алушының саны көбейеді.

Қорытынды: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» м ен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арасындағы келісім шартты ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында қаралса, нұр үстіне нұр болар еді. Мемлекетіміздің берік саясатты ұстануына үлес қосуға,бірге дамытуға біз әрқашан дайынбыз! Халықтың ойын тыңдап, жаңа көзқарастарды ескеретін, мемлекетіміздің тарапынан қолдау табатынына мен кәміл сенемін!!!

Следите за новостями zakon.kz в: