Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының ТЖ Департаменті 2016 жылдың 4 ақпанында жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеруді жоспарлайды,- деп хабарлайды newskaz.kz Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, «Азматтық қорғаудың медиа-серверімен» теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандығы туралы хабар беру қарастырылуда",-делінген хабарламада.
Алдағы уақытта, әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12:55-те құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жоспарлануда. Ал шара мерекелік күнге сәйкес келген уақытта келесі аптаның бейсенбі күніне ауыстырылады.
Фотосурет: yvizion.kz