Кеңес барысында әкім қаланың көзге түсер көрікті жерлері - «Арбатты (Жібек жолы көшесі), «Астана» алаңын, Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға қатысушылар қаланың орталық бөлігінде жаяу жүргіншілер аймағын жасау, көлік легін оңтайландыру, қоғамдық көлікті жаңарту және велосипед инфрақұрылымын жандандыру және дамыту мәселелерін талқылады.Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өткелдерін жаңарту - көшпелі кеңестің күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды.
Естеріңізге сала кетелік, Ян Гейлдің ұсынысы бойынша көшелер арқылы өтетін өткелдер, қалалықтар мен қала қонақтарына ыңғайлы және жайлы болуы үшін жер астына емес, жер үстіне салынуы керек. Көшпелі кеңестің жұмысын қорытындылай келе, қала әкімі Ян Гейлдің тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша егжей-тегжейлі жобаларды әзірлеуді тапсырды.
Жаппарберген Айбота