WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі айқасын америкалық Доминик Уэйдпен өткізеді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ESPN телеарнасы тілшісі Дэн Рафаэлдің ақпаратына сәйкес Геннадий Головкин мен Доминик Уэйдтің жұдырықтасуы 23 сәуірге бекітілген. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді, деп хабарлады Sports.kz. «Маған Головкин - Уэйд айқасы келісіліп, НВО бекіткенін айтты. 23 сәуірде, Лос-Анджелесте Forum аренасында өтуі мүмкін», - деп жазды журналист.
Фотосурет: www.thenews.kz