Сенат Төрағасы елшілерді Ұлт жоспары мен Бес институттық реформаны іске асыру жайында хабардар етті,-деп хабарлайды baq.kz.
Спикер Қазақстанның Эстония және Польшамен өзара қарым-қатынастарының достық сипатына тоқтала келіп, парламентшілер арасындағы нәтижелі үнқатысуды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясындағы өзара сындарлы іс-қимылды атап өтті. Қ.Тоқаев Эстония және Польша тараптарын Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.
Эстония және Польша дипломатиялық миссияларының басшылары парламенттік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету арқылы Қазақстанмен өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететіндерін айтты.
Фотосурет: www.primeminister.kz