Шекарашылар Қазақстан және Қытай шекарасында елімізге 40 келі дәрі-дәрмек алып өтпек болған 17 жасар қазақстандықтың жолын кесті, деп хабарлайды BNews.kz
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, «Қорғас» өткізу пунктінің жасағы ШЫХО-дан жаяу келе жатқан 26 және 17 жасар қазақстандық азаматтарды ұстады.Тексеріс барысында олардан 40 келі қытайлық дәрі-дәрмек табылған.
Фотосурет: nnm.me