Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады

АҚШ-тағы мұнай қорының артқанына қарамастан қара алтын құны біршама қымбаттады.
Бүгін Brent маркалы мұнай бағасы 7,09%-ға өсіп, баррелі 35 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Ал WTI маркалы қара алтынның баррелі 32 доллардан саудалануда. Бұған дейін АҚШ Энергетика министрі елдің ішкі мұнай қоры туралы мәліметтерді жариялаған болатын. Айтуынша, 29 қаңтардан кейінгі бір апта ішінде аталған шикізат қоры 7,8 миллион баррельге дейін артқан. Ал сарапшылар оның 4,7 млн баррельден аспауы мүмкін деп болжаған еді.

Фотосурет: gazeta.ru
Следите за новостями zakon.kz в: